• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Мұражай-үйлер – ішкі туризмге ашылған қақпа

[ 2019 ] 13 маусым, 06:43  |  Аудан тынысы

Құрметті оқырман, мәселен сіз француз тілін не үшін үйренуіңіз мүмкін? Отбасыңызды асырарлық қаражат беріп отырған жұмысыңыз, өзіңіздің қиып, тастап кете алмайтын Отаныңыз барда өзге елдің тілін қайтпексіз? Иә, сіз мүмкін Александр Дюманы, Оноре де Бальзакты, Ги де Мопассанды сүйіп оқитын шығарсыз? Қанша жерден түпнұсқаға жақын дегенмен де әйгілі Флоберді тәржімадан гөрі өз тілінде оқығыңыз келетін шығар? Иә, білгем. Олай дейтінім, менің жақын бір досым қазақ тілінен өзге тілді білуге аса құлықты емес-ті. Ол мұны «патриоттық сезімінің өлшемі» ретінде қарастыратын. Кейін келе Достоевскийдің «Нақұрысын» оқыған соң авторға аңсарының ауғаны сонша орыс тілін аз-ақ уақыттың ішінде керемет деңгейде үйреніп алды. Бүгінде оның Достоевский мен Толстой романдарынан дәйексөздер келтіріп, сайрап отырғанын көрсеңіз, шіркін! Енді оның арманы - Достоевскийдің үйіне бару. Әйгілі жазушының ас-су ішкен ыдыс-аяғы мен жазудан шаршағанда жата қалған кереуетін өз көзімен көріп, сол бір данышпан өмір сүрген үйдің ауасын құмарлана жұту. Несі бар?! Ұлттың рухани деңгейінің көрсеткіші саналатын ұлы шығармаларды дүниеге әкелген классиктерге құрмет есебінде, оның үстіне сол атақ-даңқ арқылы мемлекет бюджетіне қыруар қаржы құю мақсатында жазушылар дүниеден өткен соң олардың мекен еткен үйлері мен лашықтары, хан сарайындай зәулім сарайлары мен жертөлелері мұражайларға айналып кетіп жатады. Оны бәріміз білетіндей мұражай-үйлер деп атайды. Онда сол үйдің иесінің барлық материалдық-тұрмыстық мұралары кісінің тірі кезіндегідей өз орнында, қаз-қалпында тұруы шарт. Дәл осы үшін де жердің анау бір түкпірінен «қияли туристер» ақы төлеп, ат сабылтып келіп жатады. Әлемде кісі көзін суарарлық мұражай-үйлердің көптеген түрі бар. Мәселен, жаңа ғана тілге тиек еткен Достоевскийдің мұражай-үйі. Жазушының 55 жасында ғана әзер қол жеткізген жалғыз ғана баспанасына, оның үстіне әйгілі «Ағайынды Карамазовтар» туындысы жазылған баспанаға қалайша бас сұқпасқа?! Немесе социалистік реализмнің айла-әдістері ойлап табылған, Сталиннің жазушылар қауымымен кезіккен Мәскеудегі Максим Горькийдің үйі, Сергей Эфронмен танго биін шатырында билеген, ішінде достарымен бірге Блоктың «Он екі» поэмасын талқылаған Марина Цветаеваның үйі, барлық кітаптарының алғашқы басылымдары, қолжазбалары, хаттары, күнделіктері мен суреттері қойылған Прагадағы Кафканың үйі, Ясная Полянадағы Толстойдың үйі, викторияндық стильдегі Хортфордтағы Марк Твеннің үйі, Флоридадағы Хемингуэйдің үйі т.с.с. Айта берсек, ақын-жазушылардың өмір сүрген лашықтарына дейін көздің қарашығындай сақтап, мемлекет қорғауына алып отырған елдер көп-ақ. Әлбетте Қазақстан да осы қатарда. 2013 жылғы деректер бойынша, Қазақстан аумағында 172 мұражай «өмір сүретін» көрінеді. Ал олардың нақты қаншасы мұражай-үйлер екендігі жайлы мағлұмат жоқ. Дегенмен өзіміз білетін А.Байтұрсыновтың, М.Әуезовтің, Д.Қонаевтың, М.Мәметованың, С.Ғұмаровтың, Ш.Әбеновтің, С.Мұқановтың, Оралдағы М.Шолохов пен Е.Пугачевтің мұражай-үйлерін айтпай кетпесек болмас. Бұлардың бірді-екілісіне аяқ басқанымыз бар. Жазушы өмір сүрген қоғамның тамыр соғысын тап баспағаныңмен күй-жайын аңғаруға, қаламгердің шығармашылық асханасына көз жүгіртуге таптырмас құнды дүниелердің дәл классик қалағандай тәртіпте тұрғандығын көру, оны жан-жүйеңмен сезіну қалыпты көңіл-күйіңізді өз ырғағынан әсте тайдырмай қоймасы анық. Тек осы бір жақсы дәстүрді өзіңнің туған топырағыңнан көргің келетіндігін және соған жауап ретінде оны ешқашан көре алмайтындығың қарныңды аштырмай қоймайды. «Аспан астындағы мұражай» аталатын Маңғыстау өлкесінің небір қаламгерлерінің, жыршы-жырау, қайқы күміс көмейлердің тұрған баспаналары не әлдеқашан қираған, не өзге қолға өтіп кеткен, тіпті болмағанда өнердің иісі мұрындарына бармайтын өз ұрпақтарының тұрмыстық ұрыс-керістеріне куә болып тұр. Қателессек, Құдай кешірсін, біздің білеріміз, тек Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласындағы орталық парктің ішінде орналасқан әйгілі украин ақыны, суретші Тарас Шевченконың жеті жыл тұрған жертөлесі ғана. Кереуеттен өзге ештеңесі жоқ қуықтай ғана жертөле аудан көлеміндегі мұражай-үйлердің бостығын толтырып тұр. Қазақстанның әр аумағынан ауданға саяхаттап, ел-жер көрмекке келген туристердің басын сол жертөлеге бір «тығып» аламыз. Ал әйгілі жазушымыз Маршал Әбдіхалықовтың, Әбіш Кекілбаевтың, түркі танып жатқан Серікбол Қондыбайдың, ғалым Есбол Өмірбаевтың, Естөре Оразақовтың үйлері «баяғы жартас сол жартас» қалпында. «Маңғыстаудың мыңжылдығы» жарияланғалы бері бірнеше апта өтті. Бұл қадам маңғыстаулық ғалым-зерттеушілерге, қала берді қарапайым халыққа жақсы көңіл-күй мен азды-көпті үміт сыйлады. Алайда «мыңжылдықтың» науқаны мерекелік концертпен басталғаны қызық-ақ. Осы айдармен жарық көріп жатқан әртүрлі зерттеу мақалалардың барлығы таныс жер асты мешіттері мен кесенелер аумағын шиырлап әлі жүр. Бізді мыңжылдықтар қойнауына сүйреп тұрған жалпы халыққа бейтаныс киелі орындар мен архитектуралық құрылыстар туралы іліп алар бірде-бір сөз жоқ. «Тым құрығанда осы бір сапты толықтырармыз» деген оймен осы бір мақаламызды жариялауды, науқанға үн қосуды, бәйгеге ат қосуды жөн деп таптық. Ноғайлы жыраулық дәстүрінің негізін салушылардың бірі, өмірінің бірқатар жылын Маңғыстауда өткізген жүз сексен жас жасаған Сыпыра жыраудың жырлаған «Қырымның қырық батырын» араға бес ғасыр салып барып, тірілткен Мұрын жырау туралы мәлімет аз-ақ. Өзіне дейінгі бірнеше ғасырдың панорамасы салынған жырдың жеткізушісінің жадындағы бұдан өзге қаншама жырлар қағазға түспей кетті десеңізші?! Алайда мұндайда әділетті түрде Қабиболла Сыдиықов пен Қаныш Сәтбаевтың, Сәбит Мұқанов пен Сәттіғұл Жанғабыловтың өлшеусіз еңбектерін елеу қажет. Айтпағымыз, «Мың бір түннің» өзі жолда қалады» делінетін осынау алып дастанды жадына сақтап, заманалар толықтырған нұсқамен бізге жеткізген Мұрынның артында материалдық қаншама мұралардың қалғандығы. Қосымша кәсіп ретінде ұсталықпен де айналысқан Мұрынның артында тeмip соғатын үлкен қара төci, зергерлік бұйымдар істейтін кішкене төci, төстің тұғыр ағашы, тeмip қысатын іскенже, қысқаш, күмic балқытатын ожауы, т.б. құралдары мен жер жыртып, eгiн салатын шағын соқасы, қапталын сүйектеген қоңыр домбырасы, өзі соққан, бетінде аты-жөні араб қарпінде бедерленіп жазылған жүзік секілді құнды дүниелері қалды. Ендігі назарды ол тұрған баспанаға аударсақ дейміз. 40 жасында Форт-Шевченко қаласына түпкілікті көшіп келген ол аталған 1899 жылы біз тілге тиек еткелі отырған баспананы тұрғызады. Сол кездің суретін көз алдымызда тірілту мақсатында Қабиболла Сыдиықұлының 36 жыл бұрын жазған «Мұрын жырау және «Қырымның қырық батыры» атты мақаласынан мына бір үзікті ұсынсақ дейміз: «...дүлдүл жырау тұрағы тым-тырыс. Шағын, ұзынша аула. Ауланың оңтүстік беті көрші үйге тіреледі, бір жағы Киров көшесі, арғы беті қора-жайға ұласып, келесі көшеге шығады. Аула ішінде жыраудың бағзы көне үйі және күйеу баласы Дүйсенбайдың пәтері, ұста дүкені мен қора-жайы сақталған. Бәрі де аппақ ұлутастардан қаланған, дуалы да солай. Ауланың орта жерінде жыраудың үш-төрт метр тереңдіктегі құдығы және тұщы су құятын қақпақты су қоймасы. Құдығының суы әлі де мөлдіреп көрініп жатыр. Бұрынғы қақпағы маңайынан көрінбейді. Жыраудың көне үйі бірінен біріне кіретін шағын үш бөлмеден тұрады. Түпкісінің терезесі көше бетте. Ортадағы бөлменің бір ғана терезесі бар. Ол аулаға қарайды. Кіре беріс бөлме терезесіз. Түпкі бөлмеге жалғас ұста дүкені. Есігі аулаға шығады. Мұның көлемі тұрғын бөлмесіне қарағанда едәуір үлкен. Тұрғын үйінің де, ұста дүкенінің де биіктігі екі жарым метрдей. Едендері тақтайланбаған. Ұста дүкеніне де, үйіне де белағаштар, оның үстіне тақтай тастап, шөп салып, топырақ төгіп, шатырсыз жапқан. «Қайран жыраудың күсті қолынан шыққан бірер бұйым табылмас па?» екен деп тебірене қараймын. Қуанып кеттім. Жырау-ұстаның қара төсінің ағаш тұғыры тұр. Май-май, кір басқан, талай темір ұшқыны шашыраған жыраудың маңдай тері тамған ағаш тұғыр. Қасында екі құлаштай төрт қырлы, ұш жағы жұмырлау, сүйірлене біткен ұзын темір жатыр. Ұста-жыраудың қажетті құралдарының бірі екені аңғарылады. Ұста дүкені қабырғаларының сылақтары түскен. Әр жеріне қалпақты, ірі қазық шегелер қағылған. Алқызыл шоқты алаулата үрлеген көрік жанында осынау тұғыр ағашқа бекітілген қара төстегі күміс бұйымдардың әрін келтіріп, қаумалаған келушілерді рахатқа бөлеп, жыр үзінділерін аяқ астынан ағытып тұрды-ау, қайран жырау! Жырау үйіне ой жүгірте назар саламыз. Мыс шәйнегі оттан түспей, кішкене домбырасын безілдетіп, шағын үйі жыр-думанға айналып, айналасында әлеуметі анталап талай отырды-ау! Таудың қарапайым табиғи тастарынан балшықпен ұстата қаланған қара ала қабырғаларға әрі қызғана, әрі қызыға қараймын. Қазір даңқы алысқа кеткен сұңғыла жыраудың сырбаз даусының бар ғаламатын жұтып алып, тым-тырыс тына қалатын қасиетті қабырғалар!» «Қасиетті қабырғалар» бүгінде қараусыз қалған. Қаншама жылдар бойына «әне салынады, міне салынады» деумен біршама уақытты көзден шығарып салған сақалды құрылыс көп отырып қалған қыздың күйін кешуде. Оған осыған дейін тұрғындардың өзі назар салуын доғарған да еді. Күні кеше ғана облыс әкімі Ералы Тоғжановтың бас болуымен аталмыш құрылыс, яки Мұрын жыраудың мұражайы қайтадан қолға алынды. Қалпына келтіру және қосалқы ғимарат салу жұмыстарының қайта жанданып, аяқталуы мақсатында құрылыс жұмыстарына 180 млн. теңге бөлінді. Біткен іс «Маңғыстаудың мыңжылдығы» аясында кететін болса да, оған ең басты ықпал етіп тұрған фактор - қыркүйекте тойлануы тиіс Мұрын Сеңгірбекұлының 160 жылдық мерейтойы. Мұражай жоғарыда айтылған 172 мұражайдың ортақ үлгілерінде салынбақ. Үш залдан тұрады деп жоспарлануда: кітапхана, шеберхана және көрме залдары. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқанына куә болып қайттық. «Реставрациядан» өтті делінген әкесі салған Мұрынның ұстаханасы баяғы өз қалпын жоғалтқанын айта кетуге тиіспіз. Хош. Қашан да кез-келген пұшпақтағы кез-келген игілікті іске тілеулеспіз. Қадари-хәліміз, шама-шарқымыз, әл-қуатымыз жеткенше басы-қасында да жүргенді тәуір көреміз. Ал, бүгінгі сөз шығарып отырғандағы бар мақсатымыз - әңгіменің әлқиссасынан байқағаныңыздай, ұсыныс айту ғана. Қазақстан аумағындағы санаулы жерде ғана қылаң беріп отыратын, әйтпесе туристерді жеке тұлғаның өміріне тартудың, сол арқылы ауданның рухани һәм әлеуметтік хәлін көрсетудің ең үздік жолы - мұражай-үйлердің қатары толықса деген мақсат. Егер осы бір баспананы билік тарапынан сол күйінде сақтап қалу мұраты туындар болса, оның бір-ақ жолы – Мұрын баспанасын мұражай-үйге айналдыру ғана. Сөз соңын С.Сейфуллин, Ә.Дербісәлин, Қ.Сыдиықұлы, М.Мағауин зерттеулері топтасқан «Классикалық зерттеулер» көптомдығының «Қазақтың жыраулық мұрасы» кітабындағы (25-том) Мұрынның заттық мұралары турасында айтылған мына бір сөйлемдермен аяқтауды жөн санадық: «Сопақша қаңылтыр қорапқа салған былғары бауы бар зергерлік құралдарын Мұрын өмipiнiң соңғы кезінде деңмент белбеуіне байлап жүреді екен. Жырау дүние салысымен осы қымбатты мұра қолды болады. “Ата-бабасынан мұра боп келе жатқан найзасы мен осы зергерлік құралдары өзi дүние салғасын жоғалып кетті”, – дейді баласы Дәуітбай. Мұрын жырау киімдерінен де ештеңе сақталмаған. Жыраудың баласы Дәуітбай айтады: “Әкемнің пышағын, алтын жалатып, сіркелеген пышақ сабын, аты жазылған күміс сақинасын зергерлік өнерге байланысты сөздерді зерттеп жүрген Әбдіқас Тәжімұратов алып кетіп еді’, – дейді. Киров көшесіндегі Мұрын үйінде баласы Дәуітбай үй iшiмeн 1964 жылға дейін тұрған. Форт-Шевченко қаласында кәсіп азаюына байланысты Маңғышлақ станциясына көшкен. Жырау үйі, ұста дүкені, құдығы – бәр-бәрі бipaз жыл иесіз, күтімсіз халде тұрды. Жырау үйінің күн сайын жүдеу тартып, бұзыла түcyi қымбатты тарихымыздың қадірлі парақтары жыртылып жатқандай әсер ететін. Халқымыздың ардагер адамдары ұстап, тұтынған заттар, олар тұрған орындар – көпшіліктің игілігіне айналар қымбатты мұралар. Мұрыннан жазылған “Қырымның қырық батыры” жырларымен қатар, жырау-зергер атына қатысты материалдық мүліктер де – қадірлі ескерткіштеріміз».

Еділбек ДҮЙСЕН

2587
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
аудан тынысы рухани жаңғыру түпқараған
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Тұрмыстық қалдықтарды төгу жайы. Бейнеуліктер не білуі тиіс.

Келесі жаңалық

Қарақияда 28 түлекке "Алтын белгі" және "Үздік аттестат" тапсырылды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Мұражай-үйлер – ішкі туризмге ашылған қақпа

    [ 2019 ] 13 маусым, 06:43
    2588

    Үздік жастарға арналған үлгілі марапат

    [ 2018 ] 27 желтоқсан, 10:12
    2023

    Діннен тін тартқан дәстүр — атадан мирас

    [ 2018 ] 24 желтоқсан, 06:24
    1344

    Ақкетіктегі "Ақ желкен" халықтық ұжымы қалай құрылған еді?

    [ 2019 ] 12 қаңтар, 11:20
    1426

    «Ұлы даланың жеті қыры» - тамырымызды іздеуге төте жол

    [ 2018 ] 30 қараша, 08:33
    1658

    Күйші, сазгер Рафаэль Қарғабайдың шығармашылық кеші өтті

    [ 2018 ] 22 қараша, 07:33
    1983

    Рубрикалар

      ЖаңалықтарРедакция туралыЖарнамаанонсӘдебиетБайқауХабарландыру

    Автордың басқа да жазбалары

    Мұрын жыраудың мерейтойына арналған конференция өтіп жатыр

    [ 2019 ] 14 қараша, 08:51
    1661

    Таушықта  «Әбіштану» кабинеті ашылды

    [ 2019 ] 9 қазан, 11:46
    2097

    Мәжіліс депутаты — Түпқарағанда

    [ 2019 ] 29 тамыз, 06:50
    1408

    Абыз жайлы аз-кем сөз

    [ 2019 ] 20 маусым, 06:54
    2736

    Мыңжылдықтар құшағындағы Маңғыстау

    [ 2019 ] 31 мамыр, 06:45
    1669

    Толстой дәрістері

    [ 2019 ] 30 мамыр, 07:26
    1394

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»