• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Толстой дәрістері

[ 2019 ] 30 мамыр, 07:26  |  Әдебиет

Орыс қаламгері бізге өзінің «Соғыс және бейбітшілік» шығармасында өмірдің небір сұмдығына қарамастан адамзат өзінің арқасына теңгерген кесапатын жүре-бара өткен күнге қалдырып отыратындығын үйретеді. Мен «Соғыс және бейбітшілікті» тұңғыш рет осыдан жарты ғасыр бұрын Перрос-Гиректе өткізген алғашқы ақылы демалысым кезінде оқыдым. Ол кезде France-Presse агенттігінің қызметкері болғандықтан өзімнің тұңғыш романымды жазу үстінде едім. Әдебиеттің бұл жанрының өзгелерге қарағанда басты шарты-көлемінің кеңдігі екендігіне аса сенімді болдым, өйткені ұлы романдар болмыстың қаншама қабатын қамтып, адамзат тәжірибесі арқылы жинақтаған барлық байлықты өзі арқылы нақтылы түрде көрсеткендіктен де кірпіштей қалың болатын. Толстойдың романы шындығында да осы пікірімді толықтай қуаттап тұрушы еді. Ә дегенннен бастап бейқам сарынмен дворяндықтың өкілдері орысшадан гөрі француз тілінде көбірек сөйлесетін Санкт-Петербург пен Мәскеудегі ақсүйектер салонындағы өмір жайлы баяндап келіп, ақырындап орыс қоғамының қиын топтарына көшіп, таптардың әралуандығы мен қоғамдық типтерді, княздар мен генералдардан бастап басыбайлы шаруаларға, саудагерлерге, некеге тұрушы қалыңдықтар мен құпия масондық ұйымдардың төл белгі – ерекшеліктеріне дейін, діндарлар, ұрылар мен әскерилер, өнер қайраткерлері, мансапқұмарлар мен мистиктерге дейін көрсетеді. Мұндайда оқырманда көз алдынан адам ұлының барлық мүмкін уәкілдерінің тарихы өтіп жатқандай сезім пайда болады. Егер ұмытпасам, аталмыш кең тынысты, көрнекті романда аласапыран айқас сахналары болды, кәрлі аяздың, қар мен аштықтың көмегімен оларды түп-тұқиянымен құртып жіберместен бұрын жеңілістерге қарамай, елге күшпен басып кірген наполеондық әскерге ылғи да соққы беріп отырған данышпан қолбасшы, фельдмаршал Кутузовты суреттеулері бар. Менде егер «Соғыс пен бейбітшіліктің» барлық мазмұнын бір ғана тіркеспен жинақтап айту қажеттілігі болса, бұл роман орыс халқының «адамзаттың жауы» Наполеонның басқыншылық ниетін қалайша талқандап, қалайша өз тәуелсіздігін сақтап қалғаны туралы айтылатын сәулетті сурет дер едім. Яғни бұл – орыс халқының әскери қажыр-қайраты, дәстүрі мен соғыс өнері дәріптелетін ұлы әскери-патриоттық роман. Ал қазір бұл шығарманы оқи отырып, өзімнің қатты қателескенімді түсінемін. Роман соғысты адам рухы шынығатын, кісілік қасиеттер мен мемлекеттердің ұлылығы қалыптасатын оқиға ретінде көрсетуге әсте ұмтылмай-ақ, әрбір ұрыс арқылы кішкентай адамдардың басына төнген шексіз әділетсіздік пен қайғыны, жүрек айнытарлық мүрделер санын, оның барлық масқаралығын көрсетеді (шамасы, бұл Наполеонның Аустерлиц маңындағы жеңісін адам таңғаларлық етіп баяндауынан көзге ұрады). Құрбандардың негізгі бөлігін құрайтындар да сол кішкентай адамдар. Автор патриотизм мен даңқ, азаматтық және әскери ерліктер туралы мылжыңдау арқылы осы бақытсыздықтың бәріне себепкер болғандардың қаһарлы әрі қандықол ақымақтығын аяусыз шенейді. Жарылған снарядтың күркүрі естіле бастағаннан-ақ осынау сөздердің бар бостығы мен мәнсіздігі айқын көрінеді. Толстойдың романы белгілі бір деңгейде соғыстан гөрі бейбітшілік турасында көбірек сөз етеді. «Соғыс және бейбітшіліктің» жұмсақ мінезді, кең пейілді кейіпкерлерінің бірі Пьер Безуховтың образы арқылы оның орыстың тарихы мен мәдениетіне лық толы махаббаты қанды қырғынды әсте мадақтамайды, керісінше, бояуы қанық өмірдің, толғамдар мен күмәндардың, шындықты іздеу мен ізгілікке ұмтылудың мәнін ашады. Менің қазіргі оқуымдағы шығарманың испан тіліндегі аудармасы аса керемет емес. Алайда Толстойдың кереметтігі оның нені суреттегендігінен білінеді, сонымен бірге ашық жазғанынан гөрі көбінесе астарлап айтқанынан аңғарылады. Оның үнсіздігі қашан да ділмар, қашан да ақпараттандырушы. Князь Андрейдің Наташаға деген махаббатын ақыр соңында не айтар, не айтпастығын, үйлену тойы болатындығын, әлде түнерген Николай Андреевичке олардың көңілін түсіру сәті түсер ме екендігін жан-тәнімен білуге құмартып, мәтіннен алыстай алмайтын оқырманға оның үнсіздігі қашан да қызығушылық тудырады. Романның бар жүлгесінде назарын бұрмастан сюжеттің өрбуін үзбей көру үшін оқырманды ең қызықты әрі шешуші сәтке жетектеп әкелмей қойған, не үзілген я болмаса аяқсыз қалған бірде-бір эпизод жоқ. Расымен де, қатысушы кейіпкерлер саны көп, осыншама көлемді әрі көппланды шығарма бола тұрса да бәрін алдын-ала біліп тұрған әңгімешінің сюжет желісін еш кейіпкер көзден таса болмайтындай етіп құруы, әрбіріне арнайы көңіл мен уақыт бөлу арқылы ешқашан ешбірін естен шығармауы таңдай қағуға тұрарлық. Барлық кейіпкерге уақыт пен кеңістік теңдей бөлінеді. Ондағысы: барлығы да қуанышы мен мұңы, аңсары, жақсы көруі мен қайран қалдырар оқиғалары әр күнге теңдей бөлінген, кейде өте баяу, кейде ілгері жұлқынған өмірдің өзіндей өтуі үшін. Қазір «Соғыс және бейбітшілікті» оқи отырып, алғашқы оқыған сәтімде нені түсінбегендерімді аңғарамын. Әсіресе, романның рухани өлшемі салон мен ұрыс алаңындағы оқиғалардан әлдеқайда маңызды екенін ұғамын. Жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажыратуға септесетін философия, дін, ақиқатты іздеу – романның кейіпкерлерінің басты жұмысы, оның ішінде романның ең ғажап бейнесі фельдмаршал Кутузов үшін де. Ол – бүкіл ғұмырын ұрыстарда өткізгеніне қарамастан (оның жүзінен түрік даласынан қалған тыртық іздері әлі күнге дейін анық байқалады) өшпенділіктен хабары жоқ аса өнегелі адам. Былайша айтқанда, ол басқа жол жоқтығынан ғана шайқасады: бұл іспен әйтеуір біреу айналысуы керек қой. Ал ол өзін бұдан гөрі интеллектуалды әрі рухани қызметке арнағанды артығырақ көреді. «Соғыс және бейбітшіліктегі» орын алатын оқиғалар желісі, турасын айтқанда, жан түршігерлік, мен оның оқырманның көңілін жабырқатып, уайымға түсіретіндігіне күмәнмен қараймын. Одан гөрі керісінше секілді: роман өмірдің небір сұмдығына қарамастан өзінің дегеніне жетіп жығылатын екіжүзділер мен зымияндардың байлығы соңғы кесімді шешімге жеткенде жаманнан гөрі жақсы адамдардың көп екенін көрсетеді; ызадан гөрі бақыттың, уайымнан гөрі жан тыныштығының мол екенін айғақтайды, адамның ақыр соңында арқасына өңгерген бар кесапатын жүре-бара өткен күнге қалдырып отыратындығын сезіндіреді. Яки көбінесе көзге көріне бермейтін тәсілдер арқылы ол өзінің жағымсыз қасиеттерінен арылып, жалқындана түседі. Қай жағынан алып қарағанда да «Дон Кихотты» жазған Сервантес, «Адамзат комедиясын» жаратқан Бальзак, «Оливер Твистің» авторы Диккенс, «Аласталғандардың» иесі Виктор Гюго, Оңтүстік Америка тарихын жазған Фолкнер тәрізді Толстойдың басты, негізгі ерлігі де осыдан тұрады. Оның романдарын ештеңеге қарамай-ақ оқи отырып, адамзат ашу-ызасының құрдым тұңғиығына шым бата түсеміз, небір жағымсыз жағдайлар мен түрлі қиыншылықтарға қарамастан адамзат өз ғұмырының барлық қысылтаяң кезеңдерінде бай әрі терең болатындығына көзіміз жете түседі. Өйткені біз тек осы өмірде ғана емес, алып романдардың кейіпкерлер әлемінде де өмір сүре аламыз. Менің көңілімді көптен күпті етіп жүрген сұрақты ортаға тастамай, бұл мақаланы аяқтай алар емеспін: әдебиет саласындағы алғашқы Нобель сыйлығы Лев Толстойға емес, Сюлли Прюдомға (Sully Prudhomme) қалайша табысталды? Дәл қазіргідей, сол кездің өзінде-ақ «Соғыс және бейбітшіліктің» бүкіләлемдік әдебиетте ғасырда бір туатын ғажайыптың бірі екендігі анық болды емес пе?

Марио Варгас Льоса Тәржімалаған Еділбек ДҮЙСЕН

1393
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
әдебиет
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Төлеу ұрпақтарының тағдыры туралы толғау

Келесі жаңалық

Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы және қоғам

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Маңғыстаудан шыққан тұңғыш әйел журналист Шарай Батырбайқызына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

    2 ақпан, 16:36
    711

    Бүгін - Әбіш Кекілбайұлының туған күні

    [ 2023 ] 6 желтоқсан, 12:39
    568

    «Кітап - рухани азық» байқауының жеңімпаздары марапатталды

    [ 2021 ] 2 қазан, 11:50
    9862

    Маңғыстаулық жас ақынның жыр жинағы жарық көрді

    [ 2021 ] 26 наурыз, 13:31
    14738

    «Ағайынды Базарбаевтар» атты кітап жарық көрді

    [ 2021 ] 2 наурыз, 14:36
    15236

    «Тұтқабай Әшімбаев» атты естеліктер жинағының тұсаукесері өтті

    [ 2021 ] 1 наурыз, 18:33
    15468

    Рубрикалар

      Редакция туралыСпортҚарақияБіле жүріңізӘдебиетЭкономикаАнықтама бюросыМаңғыстау жаңалықтарыРедакцияРедакция газеттеріӘлем жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Мұрын жыраудың мерейтойына арналған конференция өтіп жатыр

    [ 2019 ] 14 қараша, 08:51
    1661

    Таушықта  «Әбіштану» кабинеті ашылды

    [ 2019 ] 9 қазан, 11:46
    2096

    Мәжіліс депутаты — Түпқарағанда

    [ 2019 ] 29 тамыз, 06:50
    1408

    Абыз жайлы аз-кем сөз

    [ 2019 ] 20 маусым, 06:54
    2736

    Мұражай-үйлер – ішкі туризмге ашылған қақпа

    [ 2019 ] 13 маусым, 06:43
    2587

    Мыңжылдықтар құшағындағы Маңғыстау

    [ 2019 ] 31 мамыр, 06:45
    1668

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»