• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Мыңжылдықтар құшағындағы Маңғыстау

[ 2019 ] 31 мамыр, 06:45  |  Аудан тынысы

©

Жастығымның жанына қойған жартылай су құйылған (немесе жартылай су құйылмаған) шыны ыдысыма және менің жасына жетпей иір-шиырға толған маңдайыма соқтығыспай, мұратына жетпейтіндей көрінетін күннің түкті сәулелері кейде тым ерте оятып жіберетіні бар. Бұл – мен үшін қалыпсыз жағдай. Олай дейтінім, түн емшегін түнімен сорып, ой баққан, сырт көзге ұйқы безі ауыратын секілді қияли неме осы бір сәулелердің жамыраған дауыстары шығыс беттен құлағына шалынғаннан-ақ қолындағы қаламын қоя салып, жарықтан қашқан қансорғыштай көрпесінің астына зып береді. Бірақ кей-кейде түкті сәулелер түгіңді күйдіре бастағанда-ақ ол жоспарыңның күл-талқаны шығатынын іштей сезесің. Ондайда ыңырсып жүріп, сырт киімдерімді киінемін. Алайда екі әлемнің шекарасы секілді анау есіктің табалдырығынан аттай бере ұйқы шіркіннің шайдай ашылатынын және білемін. Үш жүз метрге жетер-жетпес жақындықтағы (я болмаса қашықтықтағы) теңіздің иісі есікті ашар-ашпастан танауыңнан ұрса, ұйқының шайдай ашылатыны анық емес пе?! Және мелшиіп тұрғызып қойып, ырымыңның өзін есіңнен шығарып жіберетін табалдырықтың екі әлемнің шекара сызығындай көрініп кететіндігі де өтірік емес қой. Содан соң кешегі күннің ұзына бойына компьютерге қадалып, әбден әлсіреп қалған көзімнің аңғалағында күн сәулелерін доңғалатып жүріп, үйреншікті тротуарлармен таңғы Кетікті аралаймын. Сонда көз алдымда топономикалық аңыздар тіріліп жүре береді. Верещагиннің «Теңіз», «Қарлы даладағы іңір» картиналары мезгілін өзгерткен кейіпте жан-жағымнан қамап, өзіне сіңіріп алғандай күй кешемін. Кенет кәрі Құлзымның былдырлаған сәби толқындарының еңкейгенде жон арқасынан ұшып шыққан ащы иістің тау басындағы Новопетровск қамалынан қалған қирандылар басында айналсоқтап жүргенін сезгенімде әлгі Верещагиннің «Теңізі» «Соғыс апофеозына» қалайша айналып кеткенін байқамай қаламын. Қазір түк білмегендей бейбіт күннің бесігінде тербеліп жатқан қаланың алағайлы-бұлағайлы шақта басынан өткерген апалаң-топалаңы жүрегімді еріксіз жөргегінен аунатып жібереді. Иә, тарихты ұмытуға әсте болмайды. «Тарих халық жадынан шыға бастаған күні қайта айналып келеді» дейтін тәмсіл бар еді. Алайда Маңғыстаудың басынан өткен тарих саналы жанның есінен бұл дүниеде шықпастай болып, бекіп қалары анық. Қандай да болмасын тарихтың қалыптасып, жасалуына кез-келген дүниенің қатыстылығы жат еместігі айтпаса да түсінікті. Сол секілді Маңғыстау тарихының жасалуына орасан зор ықпал етіп, сол тарихтың бастауынан орын тепкен Кетіктің, шағала қанатындай ақ Кетіктің тарихы мыңжылдықтар қойнауынан тамыр тартып жатыр. «Ежелгі Ақкетік – ежелгі Абескүн, Каспий, Хазар теңізінің ең шығыс қақпасы еді. Әзелгі Әсияның Еуропаға жалғасар жалғыз арнасы да сол болатын. Бір қарағанда Кавказ тауы мен Хорезмді, Қырым мен Маңғыстаудың қараойын, Үстірт пен Еділ бойларын су арқылы жалғастырып жатқандай көрінгенімен, Қытай мен Орта Азия, Индия мен Иран саудагерлері әрісі Каталония мен Генуя, берісі Дербент пен Аккермен базарына осы ежелгі аймақ арқылы қатынасқан. Сондықтан да ол жайындағы деректер батыста испан, италиян, неміс, орыс, шығыста араб, парсы, үнді-қытай саяхатшыларының жазғандарынан ұшырасып отырады». Үш тарапты былай қойғанның өзінде Кетіктен Дағаджукке тартылып жатқан, әбден шаршаған ирелеңді жолдың бойы үш ұйықтасаң да түсіңе кірмейтін өткен күннің бұлдыр елестерін алдыңа көлденең тартады да отырады. Анау бір маңайда қылаң беретін Шақпақ ата жерасты мешітінің әңгімесі мүлдем бөлек. Оның ішкі қабырғасында кездесіп отыратын тек қана ашылған алақан таңбасының өзі мені қаншама ғасырлардың тарих шыңырауына лақтырып тастайды. Францияның оңтүстігіндегі Шове-Пон-Д’Арк үңгіріндегі осыдан 30 000 жыл бұрын салынған адамның алақан таңбасынан немесе Аргентинадағы «Қолдар үңгіріндегі» осыдан 9000 жыл бұрын салынған қолдардан еш айырмасы жоқ жан толқытарлық «аялы алақандардың» нені меңзейтінін әлі күнге дейін біле алмай келеміз. Архитектура өнерінің үздік туындысы деуге әбден лайық аталмыш жер асты мешіттерін айтпағанның өзінде Қазақстан аумағындағы ең ежелгі жерлеу орны – Қосқұдықтың тереңіне бойлай алмадық. Қызылқаланы қызғыштай қорғап, көздің қарашығындай сақтап, әлемге «Біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп көрсете алмадық. Әлбетте сіз үшін бұл үлкен мұрат та емес шығар, тіпті түкке тұрмайтын нәрсе болып көрінер де. Біз үшін мұндай ғажаптардың әлемге танылуы «жабайы қолдардан» қорғанудың жалғыз ғана жолы. Мәдени мұраны қорғау дегеніңіз «Мемлекет қорғауына алынды» деген қорғансыз тақтайды желдің өтіне шаншып кету емес, айналдырған алты ғалымның басын қосып, өздері білетін деректерді өздеріне қайтара айтып беру де емес, алпыс том шығарып, оны әкімдіктердің жертөлесіне сақтау тіпті де емес. «Өзгеруі жылдам қазіргі заманда бәрімізге ортақ міндет – ата-бабаларымыздың мұрасын шашауын шығармай тірнектеп жинастырып, келер ұрпақ үшін аялап сақтау». Хош. Мен сонда таңғы Кетікті аралап келе жатып, бөлшектердің бүтінді құрайтындығы (немесе бүтіннің бөлшектерден құралатындығы) туралы ойланамын. Бәлкім көпқұдайлықтың нағыз ошағына айналған, бәлкім мұғжизалары пайғамбарлар құдіретінен айырып алғысыз сан-сапат әулиелер қаптаған бағзы Маңғыстауды, ұлы Жібек жолында жатып алып, дүниенің небір қиырынан келген саудагер мен қолбасшы, саяхатшы мен бақсыны көзбен шығарып салып отырған Кетікті ойымда қалыптап, ішінде өмір сүруге құлшынып бағамын. Алайда келмеске кеткен күннің мені ой сыртына шығарып тастай беретіндігі айтпаса да анық. Кейін мынау бір желкілдеп өсіп келе жатқан жеткіншектерге осының барлығын айтатын ағаны іздеймін, жылнамалардан басып суырып, өз тарихына өз көзқарасымен қарайтын ғалымды іздеймін...кейін оны да таппаған соң небір жерде нешеме рет иілген басты сүмірейген қалпында інінің алдына бәрін шама-шарқым жеткенше өзім сезіндірмекке көндігемін. Ол інінің аяқ астынан тарих жасағысы келіп, кеуде керіп жүргендерге, баяғысын есінен тарс шығарып, көктен қос аяғы салбырап түскендерге, тамырын талақ қылып, есі кеткен дүбәраларға жақын жүріп, иісін жұқтырғанын және қалаймын. Қалау дегеніңіздің өзі де белгілі бір дәрежеде қауқарсыздықтың белгісі болса керек. Дегенмен қауқарсыздың тудырушыға, жасаушыға дейін жасаған ең алғашқы қадамдарының бірі. Біз де осы бір үлкен жолайырықта тұрған секілдіміз. Мыңжылдықтар құшағында жатқан Маңғыстау тарихын, мектеп оқулықтарына енбей жатқан Маңғыстау әдебиетін анау бір түкпірден суырып алатын кез келген де шығар. Менің есекдәмем дәл осы жолы Маңғыстау тарихы күл ішінде қайтадан көз ашқан Феникс тағдырын қайталағанын қалайды.

Еділбек ДҮЙСЕН Ескерту: Тырнақшаға алынған дәйексөздер иесі Әбіш Кекілбайұлы

1668
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
аудан тынысы түпқараған
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Қарақияда «Жауқазын» атты балалар шығармашылық фестивалі өтті

Келесі жаңалық

Тәуелсіз еліміздің құнды белгілері

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рахат Елтизаров шаруа қожалықтарын аралады

    2 тамыз, 19:21
    1080

    Түпқарағанда балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

    15 шілде, 12:31
    1869

    Басқұдық ауылының тұрғындары көптен алынбаған қоқыс қалдықтарынан сасық иіс шығатынын айтты

    11 маусым, 10:14
    2329

    Түпқарағанда ауданаралық көлік жолы 5 жылдан бері неге аяқталмай тұр?

    16 мамыр, 16:28
    2823

    Тұщықұдықтағы өнегелі отбасы

    15 мамыр, 11:32
    4632

    Түпқарағанда Жеңіс күні мерекесі аталып өтті

    9 мамыр, 13:02
    2921

    Рубрикалар

      Маңғыстау жаңалықтарыҚызық дерекЖарнамаМаңғыстауӘдебиетБайланыс мәліметтеріАшық қоғамҚарақия

    Автордың басқа да жазбалары

    Мұрын жыраудың мерейтойына арналған конференция өтіп жатыр

    [ 2019 ] 14 қараша, 08:51
    1661

    Таушықта  «Әбіштану» кабинеті ашылды

    [ 2019 ] 9 қазан, 11:46
    2097

    Мәжіліс депутаты — Түпқарағанда

    [ 2019 ] 29 тамыз, 06:50
    1408

    Абыз жайлы аз-кем сөз

    [ 2019 ] 20 маусым, 06:54
    2736

    Мұражай-үйлер – ішкі туризмге ашылған қақпа

    [ 2019 ] 13 маусым, 06:43
    2587

    Толстой дәрістері

    [ 2019 ] 30 мамыр, 07:26
    1394

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»