• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 27 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Н.Жантөрин театрының директоры тағайындалды...

Түпқарағандық жігіт Венгрияда ұшқыш мамандығын меңгеріп жүр...

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

  • USD: 421.91 ₸
  • EUR: 511.57 ₸
  • RUB: 5.59 ₸

Тұрмыстық қалдықтарды төгу жайы. Бейнеуліктер не білуі тиіс.

[ 2019 ] 12 маусым, 07:20  |  Аудан тынысы

Күнделікті көріп жүргеніміздей, өмірдегі өзекті мәселенің бірі - тазалық. Себебі тазалық – өмір айнасы. Тазалық болмаған жерде бейберекетсіздік белең алып, қоғамға қауіпті жағдайлар туындап, адам денсаулығына зияны тиетін факторлар болуы мүмкін. Бұлай дейтініміз, тазалық сақталмаған жерде инфекциялық ауру тудыратын қоздырғыштар тіршілік етіп, елге тарауы ықтимал. Сондықтан да санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің мәні, міне, осында. Бұл - бір. Екіншіден, тазалық сақталмаса, яғни тұрмыстық қатты қалдықтар мен күл-қоқыстар кез-келген жерде шашылып жатса, көшенің көркі де қашады. Ауыл, елдің сәні бұзылады. Міне, сол үшін тазалыққа көңіл бөлудің мән-маңызы зор. Осы мәселелерге байланысты елімізде соңғы жылдары тазалықты сақтауға мән беріліп, жыл сайын көктем мезгілі басталысымен «Тазалық айлығы» жарияланып, айлық аясында тазалық, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы бағытта Бейнеу ауданы көлемінде тазалық жұмыстарын жүргізу тек қана тазалық айлығымен шектеліп қалып жатқан жоқ. Санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Бұл мәселе аудан мен ауыл әкімдіктерінің іс-қимыл жоспарларындағы күнделікті басты бағыттарының бірі болып отыр. Қоғамдық жұмыстың есебінен көше тазалығын сақтауға адамдар жұмылдырылған. Жеке тұрғындар өз ауласының тазалығына жауапты. Бейнеу ауданындағы әртүрлі нысандағы мекемелер мен тұрғын үйлердің тұрмыстық қатты қалдықтарын салып, жинақтаған жәшіктері мен қоқыс салған қапшықтарын «Бейнеумехтранссервис» ЖШС мекемесі көлікпен өзінің арнаулы полигонына апарып төгіп, тазалық жүргізуге өз үлестерін қосып жүр. Жақында осы мекеменің құрылтайшысы Нұрболат Хайруллаевпен жүздесіп, тазалық мәселесі төңірегінде сұрақ беріп, әңгімеге тартқан едік. - Біздің мекеменің негізгі міндеті, – деп бастады ол әңгімені, - бір жерге жинақталған тұрмыстық қатты қалдықтарды көлікпен жинап алып, өзіміздің полигонымызға апарып төгу. Төгу дегенде біз апарған тұрмыстық қатты қалдықтарды төге салып, кете бермейміз. Сол жерде қатты қалдықтар сұрыпталады. Қағаздар бір бөлек, пластик және шөлмек бөтелкелер бір бөлек дегендей. Бұларды өз алдына жинақтап, престеп, буып, түйіп, өңдейтін орындарға жөнелтеміз. Соңғы кездері пластик бөтелкелер, баклашкалар жинап қоятын темір тор жәшіктерді көппәтерлі үйлердің аулаларына қойдық. Сол ыдыста жиналған пластик бөтелкелерді алып кетіп, тапсырамыз. Біз негізі полигонды 10 жылға жалға алып, жұмыс жасап жатқан жайымыз бар. Сол үшін оның жұмысына жауаптымыз. Полигонға төгілген қатты қалдықтарды сұрыпталған соң залалсыздандырып, көму жұмыстарын жүргіземіз. Біздің полигон қатты қалдықтарды өртемейтін санатқа жатады. Осылайша әңгімені әрі қарай жалғастырған Нұрболат Хайруллаев: - Тұрғын үйлер мен мекемелерде іріктелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтап, престеп, қайта өңдейтін мекемелерге жіберу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді. "Біздің полигонымызға жеке адамдардың өз бетінше қатты қалдықтарды төгуге құқы жоқ. Себебі полигон - зиянды орта. Лас жер. Бөгде адамдар ауру жұқтырып, таратуы мүмкін. Осы жерде жұмыс жасайтын адамдардың еңбек қауіпсіздігі - назарымызда. Олар арнаулы жұмыс киімдерімен қамтамасыз етілген. Заңды тұлғалардың полигонға тұрмыстық қатты қалдықтарды төгуіне болады, олар біздің мекемемен келісіп, жұмыс жасауы керек. Әлгінде айттым ғой, біз полигонды өз жауапкершілігімізге алғанбыз деп. Біз төгілген қатты қалдықтарды нығыздап, басып, содан соң үстін топырақпен көмумен айналысып келеміз". Біз әңгіме барысында жеке тұрғын үйден шыққан қатты қалдықтарды жинап, алып кетудің қызметіне төленетін төлем мөлшеріне байланысты сұрақ берген едік. "Бейнеу ауылы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф 2019 жылдың ақпан айында бекітілген. Онда 1 текше метр тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметінің құны 1564 теңге болып белгіленген. Тұрғындарға түсінікті болу үшін тарқатып айтар болсақ, жайлы үйлерде тұратын тұрғындар үшін айына 1 адамға 258,07 теңге. Ал жайсыздау үйлерде тұратын тұрғындар үшін айына 1 адамға 284,14 теңге төлейді. Егер тұрғын қалдықтарды айырып, іріктеп жинаған жағдайда шығару құнын 1300 теңгеге төмендетіп, ал ал халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қалдықты шығару құны 50 пайыз жеңілдікпен есептеді. Бұл жөнінде ауыл әкімдігімен бірге ауыл тұрғындарына хабарлама таратып бердік. Хабарламада тазалық жүргізудің және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтап, алып кетудің, іріктеп қоюдың жай-жапсары түсіндірілген болатын. Бұл — жеке адамдар үшін. Мекемелердің төлейтін төлемі бөлек. Тұрғындар осы бағаның өзін қымбат деп есептеп жүрген жайы бар", - деді. «Ілгеріректегі бір жиында осы тазалық мәселесі, оның ішінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау бағытында жеке тұрғындарға қапшық берілетіндігі айтылып еді, осы мәселе қалай шешіліп жатыр?» дегенімізде, Нұрболат Хайруллаев «Жеке тұрғындарға ауласындағы қатты қалдықтарды жинақтап, сыртқа шығарып, алып кетуге дайындау үшін қапшықтар беріледі. Бірақ бәрі бірдей бұл әдіске көшіп кетті деп айту қиын. Көпшілігі жасыратыны жоқ, қоқысқа ақша шығаруды қолайлы көрмейді. Көше басындағы жәшікке төге салғанды оңай көреді. Бұған уақытын бөлгісі келмейтіндер де, ерінетіндер де, түсінбей жүргендер де, тіпті керек десеңіз, түсінгісі келмейтіндер де бар. Қоқысқа төгетін жәшіктерді негізінен көпқабатты үйлердің жанына қою керек екен. Біз оны көшедегі қатты қалдықтарды жинақтап салу үшін қойғанбыз», - деді ол. Бірақ оған тұрғындар үйіп-төгіп салып кетуді әдетке айналдырғанын айтып өтті. Ретіне қарағанда тұрғындар қапшыққа салып, бір жерге жинақтап қоюға тиісті екен. Тазалық мәселелеріне қатысты әңгімені жалғастырғанымызда Нұрболат Хайруллаев "Бізге ауыл тұрғындары «Үйімнің ауласында мынадай күл-қоқыс немесе тұрмыстық қатты қалдықтары мен құрылыс материалдарының қалдықтар бар еді, соны алып кетіңіздер» деп келіп, сұраныс берсе, біз қызмет көрсетуге дайынбыз. Үлкен көлемдегі, ауыр қатты қалдықтарды тиеп, жүктеп, алып кететін автокөлік пен техникамыз бар. Тариф бойынша ақшасын төлесе болды, қызмет жасай береміз", - дейді. Кейбір жауапкершілігі жоқ, жеңіл автокөлігі бар тұрғындар қоқыстарын жасырын түрде көшелерге қойылған жәшіктерге тастап кетуді әдетке айналдырған. Бұл біздің сұраныс берген тұрғындарға қызмет жасауымызға кедергі келтіріп тұр. Мұндай әрекеттерге айыппұл төлейтінін көпшілік тұрғындар біле жүргені абзал. Қазірдің өзінде тұғындар аулаларына 1 текше метр көлемінде жәшіктерді қою үрдісіне көше бастады деп сөзін жалғастырған Нұрболат Хайруллаев жалпы тұрғындардың тазалықты сақтаудың жаңа үрдістеріне қалыптасуы үшін ауыл әкімдіктері тарапынан ақпараттық-түсінік жұмыстарын жүргізу қажет екендігін, оның тазалықты қалыпты сақтауға септігін тигізетіндігін айтты. Сонымен бұл әңгімеден біздің түйгеніміз, тазалықты сақтау мәселесінде жоғарыда аты аталған мекеме тұрғындардың, мекемелердің ауласында жинақталып тұрған тұрмыстық қатты қалдықтарды көлікпен алып кетіп, полигонға апарып көму жұмыстарымен және сонымен қатар полигонға төгілген қатты қалдықтарды залалсыздандыру іс-шараларымен айналысатынын ұқтық. Тазалықты сақтау, тұрмыстық қатты қалдықтарды сыртқа әкетуге дайындап қою - халыққа ортақ міндет. Тұрмыстық қатты қалдықтар кімнің жерінде шашылып жатса, тазалығы сол жердің иесінің жауапкершілігінде болады. Сол үшін мекеме басшылары мен тұрғындар өз территориясының тазалығына өздері ғана жауапты болатынын қазіргі кездегі саналы азаматтарға айтып, түсіндірудің өзі артық дейміз. Себебі қазіргі дәуірдегі адамдардың бәрі дерлік сауатты, өмірге, қоғамға көзқарастары өзгеше өркениеттің өрістеген кезінде өмір сүріп жатыр емес пе?! Яғни денсаулықтың да, мәдениеттіің де, өркенниеттің де осы тазалықтан бастау алатынын біледі деп ойлаймыз. Тек осындай ортақ мүддеге оң көзқарас қажет-ақ. Осындай ізгілікті іске ұйымшылдық керек деп есептейміз. Оған ұйытқы болатын да ауыл әкімдіктері екендігі айтпасақ та түсінікті.

Кәрісбай ӘДІЛ

827
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
аудан тынысы мәселе бейнеу
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Тез тұтанып, үлкен аумақты шарпитын дала өртінің себептері

Келесі жаңалық

Мұражай-үйлер – ішкі туризмге ашылған қақпа

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Тұрмыстық қалдықтарды төгу жайы. Бейнеуліктер не білуі тиіс.

    [ 2019 ] 12 маусым, 07:20
    828

    Халықтың талабы ескеріле ме?

    [ 2020 ] 26 ақпан, 15:56
    1659

    Құрықтағы кәріз суы: Мәселенің мән-жайы

    [ 2020 ] 3 ақпан, 09:56
    1222

    Қызылтөбе ауылына қоқыс контейнері қашан келеді?

    [ 2020 ] 21 қаңтар, 16:59
    2755

    Сенат депутаттары Түпқараған ауданына келді

    [ 2020 ] 8 қаңтар, 17:41
    2285

    Қорғау жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі ойлар

    [ 2018 ] 17 тамыз, 11:40
    645

    Рубрикалар

      Маңғыстау Астана - 20 Хабарландыру Әдебиет Әлем жаңалықтары EXPO - 2017 Сараптама Жастар беті Мұнайлы Мәдениет Құқық Қызық дерек

    Автордың басқа да жазбалары

    ҚР-ның Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ерекшеліктері

    [ 2020 ] 25 желтоқсан, 10:22
    266

    «Kaz Fruit» жұмысымен танысты

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:27
    251

    «Адал» экологияға көңіл бөледі

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:25
    236

    Ауыл мұғалімдерімен кездесу

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:24
    349

    Алаш идеясы – Асыл мұрат

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:21
    239

    Мұнайлыда 150 төсектік аудандық аурухана салынады

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:19
    322

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»