• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 5 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Қызылтөбе ауылына қоқыс контейнері қашан келеді?

    [ 2020 ] 21 қаңтар, 16:59  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық округінің және Қызылтөбе-2 тұрғын массивінің көшелерінде қоқыс контейнерінің орнатылмағанына бірнеше жылдың жүзі болған.

    Ауыл тұрғындары қоқыс контейнерінің жоқтығын айтып әлек. Тұрғындардың айтуынша, олар қоқысты аула сыртына шығарады. Сол жерден тазалық мекемесі алып кетеді. Ал бұл тұрғындар үшін тиімсіз, өйткені даладағы қоқысты көбіне ит шашып тастайды. Кейбір тұрғындар қоқыс үшін өздері бөшке дайындап қойған. Ал енді бірі қоқысты тастау үшін аудан орталығына баратын көрінеді. «Ауылда контейнердің қашан болғаны есімізде жоқ» дейді тұрғындар.

    Осы мәселе бойынша бұдан 4 ай бұрын аудан тазалығына қатысты мердігер мекемелермен байланысып, мән-жайды анықтаған едік. Мекеме басшыларынан «қоқыс контейнерлерін қою әкімдіктің құзырында» деген жауап алдық.

    Ал 1 қазан күні аудан әкімінің қатысуымен өткен брифингте қоқыс мәселесі жөнінде сөз қозғағанда Рахат Елтизаров былай жауап берді:

    - Қызылтөбеде тұрғындар қоқыс контейнерін өз аулаларына кіргізіп қояды. Ұрланған жағдайлар да болды. Сол себепті ол ауылда контейнер жоқ. Қазіргі уақытта Қызылтөбе ауылына 150 контейнер бөлінді. Жалпы ауданға 500 дана контейнер алынды.

    Одан бері 4 айға жуық уақыт өтті. Қызылтөбе ауылының тұрғындары 150 контейнер тұрмақ, 15 контейнерді әлі көрген жоқ.

    170 мыңға жуық тұрғыны бар бұл аудан үшін қоқыс мәселесін шешу оңайға соқпай тұр. Бұл ауданда қоқыс контейнері тек Қызылтөбе ауылдарында ғана емес, Маңғыстау селосының кейбір көшелерінде де жоқ болып шықты. «Тұрғындар қоқысты өртегендіктен, контейнердің тозығы жетіп, оны алып тастауымыз керек болды», - деді аудан әкімі Рахат Елтизаров. Бұл Рахат Тезекбайұлының 1-қазанда өткен брифингте берген жауабы еді. Ал контейнерлер енді келмеске кеткен сыңайлы.

    Әкім сөзінен соң «тұрғындар қоқысты не үшін өртейді?» деген сауал туындайды. Осы тұрғыда пәлен деп тон пішу де қиын болып тұр.

    «Әр ауылда 30 мыңдай халық тұрғандықтан, қоқыс контейнерлері жетіспейді. Алайда, ауылдарға қоқыс контейнерлерін қою үшін жұмыстанып жатырмыз», - деп сендірді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Жолбаев. Бұл аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Жолбаевтың өткен жылдың қыркүйек айында берген жауабы. Ал ауданда осы уақытқа дейін қоқыс контейнері азаймаса, көбейген жоқ.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта Маңғыстау және Атамекен ауылдарына «Тазалық Мұнайлы» мекемесі, Басқұдық ауылына «Мұнайлы қызмет» мекемесі, Қызылтөбе ауылдарына «Атамекен тазалық» мекемесі қоқыс жинау қызметін көрсетеді.

    Ал тазалық жұмысымен айналысатын мердігер мекеме басшыларының айтқанына сенсек, тұрғындар қоқысты «қалай болса, солай» тастап, лас су мен мал шаруашылығының қалдықтарын да контейнерге қалдырады екен. Осы орайда қоқыс контейнерлері тұрмыстық және құрылыс қалдықтарына арналғанын айта өтейік.

    Одан бөлек, мердігер мекеме басшылары тұрғындардың 50 пайызға жуығы қоқыс үшін уақытылы төлем жасамайтындарына көңілі толмайды.

    - Әйтсе де, тазалық жұмыстарын тоқтатқан жоқпыз. Тек тұрғындар тарапынан да түсіністік болса екен деген тілегіміз бар, - дейді «Тазалық Мұнайлы» мекемесінің директоры Сүйіндік Риза.

    Сонымен, Мұнайлы ауданының тұрғындары қоқысқа қатысты мәселе бойынша әкімдікке арыздана алады. Арыздану үшін барған жағдайда өзімен бірге мердігер мекемемен жасаған келісімшарты болуы тиіс.

    Тұрғындардың арызын әкімге жеткізген тілшіге Рахат Тезекбайұлы арыз-шағымы бар тұрғынның әкімдікке келуі керек екенін айтты. Осы тұста бір мәселенің шешілуі үшін міндетті түрде даудың басталуы керек пе деген пікір ойға орала кетеді. Мұнайлы өлкедегі Мұнайлы ауданында қарапайым қоқыс контейнерінің болмауы кімге сын?

    Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ

    Суреттер автордан

    4303
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Аудан тынысы Мұнайлы Мәселе
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауда БАҚ өкілдеріне арналған тренинг өтті

    Келесі жаңалық

    Сенек ауылының әкімі есеп берді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Қызылтөбе ауылына қоқыс контейнері қашан келеді?

      [ 2020 ] 21 қаңтар, 16:59
      4304

      Нитрат нормаға сай ма?

      [ 2018 ] 3 тамыз, 13:31
      1472

      Халықтың талабы ескеріле ме?

      [ 2020 ] 26 ақпан, 15:56
      3360

      Құрықтағы кәріз суы: Мәселенің мән-жайы

      [ 2020 ] 3 ақпан, 09:56
      3322

      Сенат депутаттары Түпқараған ауданына келді

      [ 2020 ] 8 қаңтар, 17:41
      4809

      Тұрмыстық қалдықтарды төгу жайы. Бейнеуліктер не білуі тиіс.

      [ 2019 ] 12 маусым, 07:20
      2164

      Рубрикалар

        Біле жүріңізӘлем жаңалықтарыСұхбатАНТИКОРЭкономикаҚарақияБайланыс мәліметтеріСараптамаРухани жаңғыруАуыл өміріМәдениет

      Автордың басқа да жазбалары

      Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

      4 қыркүйек, 17:12
      1899

      "Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қауіпсіздік клубын ашу мүмкіндігі"

      4 қыркүйек, 17:10
      4582

      Жаңашыл педагог

      4 қыркүйек, 17:08
      1855

      Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы

      4 қыркүйек, 17:05
      1860

      «Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры 65 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінді

      22 тамыз, 17:32
      3062

      Қазақстандықтардың 53,1 пайызы АЭС идеясын қолдайды – сауалнама

      22 тамыз, 16:57
      3108

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»