• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Нитрат нормаға сай ма?

    [ 2018 ] 3 тамыз, 13:31  |  Аудан тынысы

    ©

    Не көп, ауылда адым-адым жерде дүкен көп. Қажетіңізді табасыз. Бірақ қазір көкөніс, жеміс-жидектерді, тіпті бала жөргегіне дейін дүкеннен алуды қойдық. Себебі әр күні Мұнайлының әр ауылында арзан бағамен жәрмеңкелер өтеді. Жұрт қалтасынан 10 теңге болса да үнемдегенді жақсы көреді.

    Жәрмеңкелерде быжынаған халық. Қызған саудадан аяқ алып жүргісіз. Қап- қап картоп, дорба-дорба қауын-қарбызды көліктеріне тиеуге асық адамдар. Алайда біз көп жағдайда бір нәрсені ескере бермейтін тәріздіміз. Сатып алып жатқан өніміңіздің құрамын ең болмаса бір рет тексеріп көрдіңіз бе? Жаз мез­гілі болғандықтан сәл жерден ауру табатынымыз ақиқат. Ал әу бастан-ақ аурудың астан екенін айтпасақ та белгілі.

    Жұма күні Мұнайлы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мұрындық болуымен Баянды ауылында өткен жәрмеңкеде «Нитратсыз тағам» атты акция ұйымдастырылды. Мақсат – күнделікті өмірде тұтынатын азық-түлік, оның ішінде жеміс-жидектер мен көкөністер құрамындағы нитрат мөлшерін тексеру. Басқарма басшысының орынбасары Мадина Рахметова, Денсаулық сақтау ми­нистрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Мұнайлы аудандық бөлімшесіның лабо­ранты Рысгүл Абилова тұрғындарды сатып алып жатқан өнімдерін арнайы нитрат- тесттердің көмегімен бақылап көрулерін сұрады. Бір қызығы адамдар өздеріне пайдалы нәрседен ине тыққалы жатқандай қашады. Жоқ-жоқтап, асығыстап кетіп қалады. Ең бірінші денсаулық деген әр адамның өзіне керек емес пе?! Тегін тек­серіп береміз деп тұрғанда қызығушылық танытып, мән-жайды сұраған бірлі-жа­рым кісілер ғана азық-түлікке белгіленген нормаларды біліп алды. Мысалы, болгар бұрышының негізгі нормасы 200, баклажанның нормасы 300 болу керек болса, осы ауылдың тұрғыны Шәйім апайдың сатып алған бол­гар бұрышы 166-ны, баклажаны 193-ті көрсетті. Бұл дегеніміз – бәрі жақсы, көкөністерді тамаққа қатып, қиналмай тұтына беруіңізге болады деген сөз.

    Оразгүл есімді тұрғынның өлшеткен қызанағының нитрат мөлшері 365-ке шықты, асылында 150 бо­луы керек. Яғни жергілікті деп сатылып тұрған бұл қызанақтың нитрат мөлшері екі есеге жоғары. Ал Қамажай есімді қыздың 150 теңгеден сатып алған қияры 195-ті көрсетсе, нормасы 150 болу керек екен. Алма нормаға сәйкес келді, 41/60. Яғни алманың құрамындағы нитрат мөлшері 60, ал Қамажай сатып алған алма 41-ді көрсетіп тұр. Бұл қуанышымыз көпке бармады. Өріктің де нитрат мөлшері 60 болуы керек, ал мұнда ол 236-ға бір-ақ секірді. Яғни төрт есеге жақын. «Мұндайда не істеуге болады? Жеуге болмай ма?», – деп сұрады Қамажай. «Жеуге болады, бірақ жақсылап жуып, салқындатқышқа бір тәулікке са­лып қойып жегеніңіз дұрысырақ», – деп жауап қатты Мадина. Түсінуімізше, бұл өрікті үйіңізге бара сала бас салып жесеңіз, айтпады демеңіз, ішіңіз ауырып, мазаңыз қашуы мүмкін. Қазіргі жәрмеңкелердегі сұранысқа ие қауын, қарбыздардың нитрат мөлшерлері өкінішке орай шамадан 2-5 есеге дейін асып жығылды.

    Мұнайлы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орын­басары Мадина Рахметованың айтуынша, жаз айынан бастап Мұнайлыда 8 акция өткізілген. Іс-шаралар барысында 95 сынама алынып, соның 35-нен нитрат анықталыпты.

    «Сақтансаң сақтаймын» дейді ғой Құдай да. Бір мысал келтіре кетейін. Бір келіншек айтады: «Балалар қарбыз-қарбыз дегенге біз де дүкеннен сатып алғанбыз. Нитрат тесттер ұстап жүретін біз бе?! Қолымызға іліккенін алдық та кеттік. Үйге әкеліп сол бойда-ақ жеп алдық. Осыдан кейін емізулі бөпемнің үстін аллергия қаптап кетті. Болмаса күнделікті тамақтан бөлек ештеңе ішіп-жемедім, қосымша жегенім тек қарбыз», – дейді.

    Міне, жоғарыда айтқанымдай, біз өнімнің құрамын тексеріп білмей жатып, жеп- тауысып аламыз да, не өзімізге, не балаларымызға кесірімізді тигізгенімізді кеш ұғамыз. Сондықтан қазір кейбір азықтың маусымы жетіп, кейбірінің маусымы әлі жетпеген тұста тұтынатын нәрсемізді абайлап қараған жөн. Әйтпесе «Піс қазаным, піс» дегендей, әртүрлі қоспалармен уақытынан бұрын «өмірге келген» тауарларға тап келуіңіз ғажап емес.

    Әсел ТАҢАТАРОВА

    1499
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    аудан тынысы мәселе мұнайлы
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жалпыхалықтық істен шет қалмайық

    Келесі жаңалық

    Түпқарағанда суға түсуге қауіпті аймақтар белгіленуде

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Қызылтөбе ауылына қоқыс контейнері қашан келеді?

      [ 2020 ] 21 қаңтар, 16:59
      4341

      Нитрат нормаға сай ма?

      [ 2018 ] 3 тамыз, 13:31
      1500

      Халықтың талабы ескеріле ме?

      [ 2020 ] 26 ақпан, 15:56
      3396

      Құрықтағы кәріз суы: Мәселенің мән-жайы

      [ 2020 ] 3 ақпан, 09:56
      3353

      Сенат депутаттары Түпқараған ауданына келді

      [ 2020 ] 8 қаңтар, 17:41
      4849

      Тұрмыстық қалдықтарды төгу жайы. Бейнеуліктер не білуі тиіс.

      [ 2019 ] 12 маусым, 07:20
      2201

      Рубрикалар

        ЖарнамаҚұқықБайқауРедакцияЭкономикаҚазақстан жаңалықтарыАшық қоғам

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3229

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2983

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2822

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3280

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3091

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3065

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»