©
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38,65 баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 6 бабына сәйкес Түпқараған ауданына қарасты шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу, жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындау жұмыстары жүргізіліп, жоба жасалды. Нәтижесінде Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 43 шақырымы және 64 шақырымындағы «Голубая бухта», 86 шақырымындағы «Саура», «Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырымда орналасқан «Тамшалы» және Таушық ауылынан 20 шақырым жердегі «Сартас» теңіз жағалаулары қауіпті аймақ болып белгіленуде.Өз тілшімізден