• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 10 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілд...

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешед...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

  • USD: 478.89 ₸
  • EUR: 528.74 ₸
  • RUB: 5.29 ₸

Халықтың талабы ескеріле ме?

[ 2020 ] 26 ақпан, 15:56  |  Маңғыстау

Сұйытылған мұнай газ нарығында 2005 жылдан бері қызмет көрсететін «LPG Trade» ЖШС компаниясы ауданымыздан газ толтырғыш станциясын салмақ. Алайда аудан тұрғындарының қарсылығына қарамай, ауыл іргесінен басталып кеткен бұл құрылыстың одан әрі дамуына аудан тұрғындары түбегейлі қарсы. Осы мәселе бойынша өткен аптаның сәрсенбі күні М.Атымов атындағы орта мектепте қоғамдық кеңес мүшелерінің тыңдауы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе біреу-ақ. Шетпеден салынатын газ толтырғыш станциясының құрылысына жауапты мамандарды, рұқсат берген құзырлы орындарды тыңдау. Бірақ, өкінішке орай, қараша халықпен кездесуге жауапты мамандардан ешкім келе қоймады.

Шырылдап шындық іздеген бір қауым елдің мұңын еститін әзірге құлақ жоқ. Осылай деп шырылдаған бір топ тұрғын былтыр құрылысы басталған зауыт жұмысын мүлде тоқтатуын талап етіп отыр. Тұрғындар зауытта ашылатын жұмыс орны былай тұрсын, «Алтыннан да қымбат денсаулығымызды әлдебіреулердің пайдасына құрбан етуге жол бермейміз» дейді. Алайда, әуелден-ақ көпшіліктің келісіміне пысқырып та қарамаған меншік иелері құрылысты бастап та кеткен.

Хош. Жиналысқа көшейік. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөйлеушілер көп болды. Қоғамдық кеңестің мүшелері мен қараша халықтың пікірі бір арнаға тоғысты, «Шетпеден салынғалы жатқан газ толтырғыш станция салыну жөніндегі заңды қоғамдық тыңдауы енді өтіп отыр, оның алдында мекеме басшылары заңсыз қоғамдық тыңдау өткізген. Заңсыз тыңдауда құрылысты жүргізетін жер орынды дәл ауылдың іргесінен таңдап берген. Біз бұған қарсымыз. Неге десеңіз, газ толтырғыш зауыты экологиялық жағынан да, адам өміріне қауіптілігі жағынан да бізге қолайлы емес», - десті.

Ауыл ақсақалы Шынжырбеков Көмек:

«Осыған дейін каръер жырын жырлап келдік, сол каръерден шыққан шаңнан шеккен азабымыз жетерлік еді. Енді мына «Газ толтырғыш стансиясы салынады» деп ауыл тұрғындарының әбден мазасы қашты. Ол зауыттың ауылдан 500 қадам жерден құрылысы басталып кетті. Қазірдің өзінде құрылыс басында 100, 120 тондық 7 цистерна тұр. Жел жағымыздан келетін газдың да иісі бізге мәз емес. Егер алда-жалда газдан өрт шығатын болса, Арыста болған жарылыстан да жаман болайын деп тұр, Құдай бетін әрі қылсын. Сақтықта қорлық жоқ. «Сақтансаң сақтармын» деген біздің мақсатымыз зауыд жұмысын толық тоқтату емес, ауыл іргесінен қашықтау жерге 13, 14 разъездге қарай ысыруын талап етеміз. Егер халықтың талабын қанағаттандырмаса, біз бұл істің нәтижесін алу үшін Президентке дейін шағымданатын боламыз. Өйткені бұл жерде жәй нәрсе емес, халықтың тағдыры тұр, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әжептәуір залал келтіріп, табиғат байлығын тиімсіз пайдаланғалы отыр. Зауыт салынғаннан кейінгі келген залалды айтып шағымданғанша, басталмай жатып тоқтату керек. Адам өмірі ойыншық емес, одан бөлінетін улы газды халық жұтуға тиісті емес, әрі халық бірауыздан қарсы болып отырған зауытты қалай іске қоспақшы, сонда біздің сөзіміздің далаға ұшқаны ма? деп шағымданды.

— Аудан орталығында халыққа қызмет ететін, елдің тұрмыс-тіршілігін жеңілдететін кәсіпкерлік нысандарының бой көтергеніне қарапайым азаматтардың ешқандай қарсылығы жоқтығын бәріміз де білеміз. Ал қажеттігі де, қауіпсіздігі де күмән туғызатын, аудан халқына еріксіз танылған өндіріс ошақтарын біздің жатырқай қабылдағанымыз да деректі орындарға түсінікті болуы керек шығар. Жаралғалы шаңнан көз аша алмай отырған «Жаңа Орпа» ауылының тұрғындарына қайдағы бір газ толтыру станциясын елдің іргесінен тапа-тал түсте сала бастауы бұлтсыз күнгі найзағайдай әсер еткені рас. Қазіргі үрдіс бойынша елді мекендерде салынатын кез-келген құрылыстың жобасы халықтың талқысына беріліп, қоршаған ортаға әсері, одан ауаға шығатын, далаға төгілетін немесе көмілетін өндіріс қалдықтарының шекті мөлшерін жіліктеп, талдап түсіндіріп барып, рұқсат алынады. Біздің жағдайымызда мұндай шаралардың бірде-бірі орындалмастан құрылыс жұмыстары қарқын алып барады. Халық ат төбеліндей адам қатынасқан қоғамдық тыңдаудың құпия келісім бергеніне алаңдап отыр. Жария тыңдау өткізу жөніндегі ұсынысымыз, халықтың жанайқайына жауап бергенін қалаған тілегіміз аяқ асты болып қалды, ауылдың белсенді азаматтары құрылыс жұмысының дереу тоқтатылғанын қалайды. Мәселе облыс көлемінде де бақылауға ұсынылды. Құзырлы мекемелердің мамандарынан құрылған комиссия халықтың, болашақ ұрпақтың денсаулығына қатысты келелі проблема туралы тиісті қорытындысын береді деп үміттенеміз, - дейді аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Күбірбай Ұзақбай.

Қалай дегенмен, тұрғындар денсаулығы, халық мүддесі —бірінші орында! Бұқара да, билік өкілдері де қоршаған ортаға зиянды болатын кәсіпорынның жұмыс істеуіне жол бермейтіндеріне бірауыздан дауыс берді.

Айгүл РАХМЕТОВА

3331
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Аудан тынысы маңғыстау мәселе қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Тұрғындар – басты назарда

Келесі жаңалық

Мал азығының бағасы тұрақты ма?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Халықтың талабы ескеріле ме?

    [ 2020 ] 26 ақпан, 15:56
    3332

    Құрықтағы кәріз суы: Мәселенің мән-жайы

    [ 2020 ] 3 ақпан, 09:56
    3298

    Сенат депутаттары Түпқараған ауданына келді

    [ 2020 ] 8 қаңтар, 17:41
    4775

    Қорғау жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі ойлар

    [ 2018 ] 17 тамыз, 11:40
    1588

    Қараусыз мал пойыз қозғалысына кедергі келтіруде

    [ 2017 ] 17 қараша, 07:07
    1480

    Қызылтөбе ауылына қоқыс контейнері қашан келеді?

    [ 2020 ] 21 қаңтар, 16:59
    4280

    Рубрикалар

      Ауыл өміріМұнайлыРедакцияБіле жүріңізСұхбатБейнеуАНТИКОРМәселеКомплаенсРедакция газеттеріАнықтама бюросы

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

    5 қыркүйек, 15:39
    1461

    Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

    27 тамыз, 09:38
    2126

    Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

    26 тамыз, 09:57
    705

    Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

    25 тамыз, 14:47
    766

    Нұрдәулет Қилыбай “Онды бағының” жай-күйімен танысты

    25 тамыз, 13:10
    2103

    Үштаған ауылында полиция пункті ашылды

    25 тамыз, 13:09
    757

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»