• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Қараусыз мал пойыз қозғалысына кедергі келтіруде

    [ 2017 ] 17 қараша, 07:07  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Бұған дейін жариялаған мақаламызда төрт түліктен темір жол қозғалысына келетін қауіптің әлі күнге сейілмеу себебін айтқан едік. Соның кесірінен малын темір жолға жайып қойған тұрғындардың жолдағы оқыс оқиғаға қатысы жоқ, сүттен ақ, судан таза болып шыға келетін жағдайлар да кездеседі екен. Нәтижесінде кім кінәлі, аяғына бостандық тиіп жем іздеп жайылған тілсіз жануар ма?! Бұған жауапты Маңғыстау жол дистанциясынан іздеп көрген едік.

    - Маңғыстау жол дистанциясына 524,5 шақы­рым темір жол қарайды. 387 шақырымы малға қарсы қоршаумен қоршалған. Биылғы жүктеме 140 шақы­рымын жөндеу, 5 шақырымға жаңадан салу болатын. 10 айда жылдық жоспар толығымен орындалды. Жаңа қоршау Өзен-­Бастау аралы­ғына жасалды. Кей жерлерде бөгеттің болмауын – ауылдардан алыстығына орай дер едік. Мысалы Болашақ станциясында солай. Дегенмен ондағы бекеттерде көлемі 1­2 шақырымға созылатын қоршаулар орнатылған. Қалған жерлері - болашақтың еншісінде. Сонымен қатар, айта кететін жайт, жөнделгенмен малшылар мал өткізу үшін сымдарды үзіп, ірі қараның өзі де майыстырып, бұзып кетеді. №13 бекет таулы жер болғандықтан оның бір жағында ғана қоршау бар. Малдардың жолға шығуы Шетпе маңында көп кездеседі. Сондықтан №14-15 бекет аралығындағы темір жол қоршауының жиегінен 1­2 шақырымдай жерді қазып қойғанбыз. Өйткені сол маңдағы «Сырлы там» құдығына төрт тұяқтылар су ішуге келеді. Қазудың пайдасы тиді. Бірақ мұндай шараны барлық жерге қолдана алмаймыз. Су шығып, жолға қауіп төндіретін, таулы-­тасты телімдер де бар, – деп жауап берді дистанцияның жетекші жол инженері Е.Артықбаев.

    Оның сөзінше, мекеме ауыл, аудан әкімдіктеріне жайылымға жіберілген төрт түлікке көз қырын сала жүретін адам тағайындау, сырға тағу туралы үнемі хат жолданады екен. Бірақ оған жергілікті биліктің бірінен оң жауап келсе, басқасы елей бермейтін де көрінеді. Дегенмен бұған дейін жазғанымыздай, осындай іс­-шаралардың шұғыл тоқтаулар мен мал басу дерегін төмендетуге біраз септігі тиген. Былтыр 10 айда 5 мал тепловоздың астына түсіп қалса, үстіміздегі жылы 2 факт болған.

    Тағы оқыңыздар: Әдеп сақтамаған мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылады

    – Тепловозға, әсіресе, ұсақ жандық, түйе малына қарағанда сиырды басу - қауіптірек. Себебі оның терісі - қалың. Доңғалақтарының астына түссе қиындық туғызуы мүмкін. Темір жолға малдар көбінесе өткелден кіріп, шығар жер таппай жүріп алады. Оның ішінде Маңғыстауда жолға жайылатыны - ірі қара. Пойыздың алдына шығуы негізінен түнгі мезгілдерде болады. Хабар жетіп біздікілер барғанша ол жерден кетіп қалады. Сондықтан иесін анықтау оңай емес. Локомотив әр шұғыл тежеу басқан сайын 0,05 тонна жанармай, 29 мың теңгеге жуық қаржы шығындалады. Осы өткен 10 айда 4,55 тонна жанармай осылай ысырап болды (2016 жылы 6,40 тонна). Осыған орай жолға жақын елді мекендерде үнемі түсінік жүргіземіз. Бірақ мұнымен де іс бітпейді. Егесіз мал болмайды. Тұрғындар «түсіндік» дегеннің өзінде - баяғы жартас, сол жартас. Локомотив тағы да шұғыл тоқтауға мәжбүр болады. Тежеулердің саны азайғанымен жағдай қайталана береді. Сол үшін тұрғындарға темір жолға жақын 200 метр жерде мал бақпауын тағы да ескертеміз. Жедел тежеу берілген жағдайда машинист мұны дереу пойыз диспетчеріне жеткізеді. Әрі қарай желілік ішкі істер бөліміне, магистральды желі бөлімшесінің, жол дистанциясының диспетчерлеріне де ха­барланады. ПЧ диспетчері жағдай болған жер­дің телім басшысына жеткізіп, оқиға орнына де­реу адам жібереді. Десек те жол қашықтығы да маңызды рөл ойнайды. Тиісті адамдар келгенше біраз уақыт өтетіндіктен малды таппай қайтатын кездер де болады. Егер де пойыз астына түскен болса, телім басшысы, жол шебері, бригадирлер барып, міндетті түрде суретке түсіреді. Белгісін қарайды. Алайда мал иелері бізден бұрын жетіп белгілерін кесіп кеткен жағдайлар да болды, – деді Е.Артықбаев.

    Ол жуырда тағы да оқыс тежеу жиі берілетін темір жол маңындағы халықпен кездесу ұйымдастырғандарын айтады. Оған Маңғыстау облысы бойынша көлік инспекциясының темір жол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы К.Жайлиев, магистаралдық желі бөлімшесінің инженері Е. Аманжолов, Маңғыстау жол дистанциясының №2 телім бастығы К. Зайыров пен телім технигі Ж. Айдарбаев, Ақтау станциясындагы ІІЖб­-нің ӘПб басшысы С. Оразғалиев және бөлімнің ӘПб ЮП КТІЖТ учаскелік инспекторы Ж.Абилакимов қатысқан.

    Профилактикалық жұмыстар Маңғыстау ауданы бойынша Шетпе­-1, Қосбұлақ, Мақаш, Жаңа-­орпада, №13 темір жол бекеті ­Шетпе­ №14 темір жол бекеті аралығындағы ауыл жұртшылығына, мал шаруашылығымен айналысушылар арасында жүргізілген.

    Шахида ЖҰМАН

    1499
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    маңғыстау жаңалықтары аудан тынысы мәселе
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Әлемге әйгілі Баутин ауылы

    Келесі жаңалық

    Он бір мыңнан аса ота жасаған хирург

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Қараусыз мал пойыз қозғалысына кедергі келтіруде

      [ 2017 ] 17 қараша, 07:07
      1500

      Халықтың талабы ескеріле ме?

      [ 2020 ] 26 ақпан, 15:56
      3363

      Сенат депутаттары Түпқараған ауданына келді

      [ 2020 ] 8 қаңтар, 17:41
      4814

      Қорғау жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі ойлар

      [ 2018 ] 17 тамыз, 11:40
      1610

      Құрықтағы кәріз суы: Мәселенің мән-жайы

      [ 2020 ] 3 ақпан, 09:56
      3327

      Қызылтөбе ауылына қоқыс контейнері қашан келеді?

      [ 2020 ] 21 қаңтар, 16:59
      4309

      Рубрикалар

        БайқауСұхбатТағайындауАшық қоғамАнықтама бюросыМаңғыстау жаңалықтарыАуыл өміріДенсаулық

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3033

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2780

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2617

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3087

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2900

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2846

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»