• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Қорғау жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі ойлар

    [ 2018 ] 17 тамыз, 11:40  |  Аудан тынысы

    РЕДАКЦИЯДАН: Сайтымызға Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы директорының орынбасары Меңдібай Ағиевтен хат келіп түсті. Оқырманымыз қорық жұмысын тиімді етуге қатысты өз ойларымен бөлісіпті. Ол қорық маңында байналыстың нашарлығын және кеңсенің негізгі қорғау аумағынан жырақта жатқанын айтыпты. Біз хатты еш өзгеріссіз сол күйінде жариялап отырмыз. 

    mangystaumedia.kz - еркін пікіралмасу алаңы болғандықтан, осы тақырыпқа қатысты барлық ой-пікірлерді жариялауға және тыңдауға әзір.

    Үстірт қорығының қорғалатын аумағы орталықтан шалғайда Үстірт жонының оңтүстік-батыс шыңдарын бойлай, Қарынжарық ойпатының біраз бөлігін қамти орналасқан. Ең жақын елді мекен – Аққұдық ауылы. Қорық орналасқан аумақ – тұщы су көзі жоқ, биік жалды құмдар мен сор-тақырлар кезектесе жалғасқан, қиын жолды аймақ.

    Өңірде инфрақұрылым жоқ. Қатынас дала жолдары арқылы, байланыс Аққұдық ауылы мен оның сыртында бес-алты шақырым қашықтықты қамтитын Beeline ұялы байланыс операторы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге Үстірт қорығының радиобайланысы бар. Оның да мүмкіндігі шектеулі.

    Аталған жағдайлар қорық қызметкерлері мен жеке шаруамен отырған малшылар үшін біршама қиындық туғызып отыр. Жауын-шашынды лайсаң кездер мен аптап ыстық мезгілде қатынас үзіліп, байланыс жоқ жерде (Құдай бетін аулақ қылсын!) жазатайым қала қойсаң өте қауіпті.

    Не істеу керек?

    «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК жоспарында Қансу газ кенорнын игеру жобасы тұр. Қансу Аққұдық ауылына тиіп тұр, яғни бұл өңірде шамасына қарай инфрақұрылым дамиды. Жол салынады, байланыс күшейеді, ең бастысы ауыз су мәселесі шешіледі. Бұл орайда Аққұдық ауылының болашағына үміт мол.

    Екінші, қорыққа жақын орналасқан тағы бір елді мекен – Болашақ стансасы. Өзен –Түркменстан шекарасы темір жолының қазақстандық ең үлкен, стратегиялық маңызы зор нысаны. Мұнда қазірдің өзінде біршама инфрақұрылым жасалып қойылған. Болашақ – болашақтың қаласы.

    Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының кеңсесі Жаңаөзен қаласында орналасқан. Мұнда бәрі бар, интернет, байланыс және т.б. Мәселе тек Үстірт қорығының негізгі қорғау аумағының жырақта жатуы болып тұр. Мұның экономикалық, оперативтік қиындықтары, ғылыми-зерттеу және туризмді жолға қоюда кедергілері көп болып тұр. Экономикалық шығындарға, жанармайдың ысырабы, техниканың тозуы, тасымал шығындары, т.б. мәселелері жатады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл бойы жүргізілуіне де жол қашықтығы қатты әсер етеді. Туризмді дамытуда да өзіндік мәселелер туындайды, мысалы, туристік нысандарды абаттандыру, шатырлар орналастыру сияқты жұмыстар.

    Осы жағдайларды ескере отырып, өз ұсынысымды айтқым келеді. Бұл ұсыныс бұрын да жазылып, бір-екі жиналыста айтылған, бірақ ескерусіз, еленбей келе жатыр.

    Ең бірінші - байланысты жақсарту. Қазіргі Аққұдық ауылында тұрған байланыс желісінің қабылдау-тарату антеннасын биік жерге, мысалы, Нұрбибі әулие төбесіне көтеру қажет. Бұл көп шығын келтірмейтін, бірақ пайдасы ұшан-теңіз шаруа. Желі байланысының күші ауылдың айналасында радиусы жиырма шақырымдай жерді қамтып, қыстауға келген шаруа елге пайдалы болар еді. Қосымша қорық жұмысының жандануына да әсері тиер еді. Бұл ұсынысқа бұрын берілген жазбаша жауап көңіл көншітпейді, шығарып салма, немқұрайды жауап болып шыққан. Менің ойымша мұндай маңызды шаруаларды жұмысшы тобын құрып, тексеріп, қорытынды жасау арқылы жауап берген дұрыс.

    Менің тағы бір ұсынысым – Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының кеңсесін аталған елдімекендерге, Болашақ немесе Аққұдық ауылына көшіру.

    Бұдан не ұтамыз?

    Жоғарыда атап кеткенімдей екі ауылдың да болашағына сеніммен қарауға болады. Жаңа жұмыс орындары ашылып, елдің әлеуметтік дамуына жолдар ашылады. Инфрақұрылымдар жасалып, ауылдар өркениет көшіне ілеседі. Басқару орталығының қорғалатын аумаққа жақын орналасуы жұмыстың нәтижелі болуының басты шарты екендігін ешкім жоққа шығармаса керек.

    Алдымен, қорық аумағын тікелей, жедел қорғау мүмкіндігі туады. Қарапайым ойлап көрейік. Қорғау аумағында заң бұзушылық жөнінде дабыл түсті дейік. 160 шақырым жерден жіберілген ескі УАЗ аумаққа (жолда бұзылып қалмаса) қанша уақытта жетеді? Байланыс екібастан нашар, нашар емес, жоқ. Сәті түсіп, заң бұзушыға кездескен жағдайдың өзінде, шетелдік жүрдек машинаға жету мүмкіндігі қанша? Жарайды, қараспанды төндіре бермейін, дегенмен шындық осы. Ал, жақын жерден ұмтылған жедел топ қашқындарға ойлануға уақыт қалдырмайды және тосқауыл қоюға мүмкіндіктері көбейеді. Мұндай бір-екі нәтижелі жұмыс заң бұзушылардың аяқтарын тарта жүруіне әсер етеді деп ойлаймын.

    Сосын орталық кеңсе орналасқан ауылда жанар-жағармай қоймасы жасақталып, шығын азаяды. Үнемделген жанармай – қорғау жұмысын күшейтуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және туризмді дамытуға септігін тигізетіні анық. Бұл тұрғыда Болашақ ауылының тиімділігі жоғары, себебі тасымал теміржол арқылы жүреді. Бұл оңтайлы, әрі үнемді.

    Енді қиыншылық жақтары жөнінде бір ауыз сөз. Алдымен Үстірт қорығының кеңсе қызметкерлеріне қиын, себебі атқарып отырған жұмысынан шығып кете алмайды, сонымен бірге жаңа қонысқа көшу де оңай емес. Барған жерінде баспана мәселесі де шешіле салады деу мүмкін емес. Бұл мәселе де көп болып ойласатын жайттар жеткілікті. Бірақ қорық қызметкерлерінің дені инспекторлар мен ғылыми қызметкерлер екенін ескерсек, мәселенің шешімді жолдары табылып қалуы қиын емес. Ауылдардағы жұмыссыз жастардың мәселесі де ескерусіз қалмағаны жөн.

    Қалай болғанда да табиғат қорғау ісін ілгері бастыру бағытында жұмыстану керек. Қолда тұрған байлығымыз – жаратылған қалпындағы табиғатты бұзбай, бүлдірмей сақтау-басты міндетіміз.

    Меңдібай АҒИЕВ,

    Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы директорының орынбасары

    Суретті түсірген А. Астафьев

    1609
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    аудан тынысы мәселе маңғыстау
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Латын әліпбиіне көшу мәселесі түсіндірілді

    Келесі жаңалық

    Маңғыстауда жел электр станциясы салына бастады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Халықтың талабы ескеріле ме?

      [ 2020 ] 26 ақпан, 15:56
      3363

      Сенат депутаттары Түпқараған ауданына келді

      [ 2020 ] 8 қаңтар, 17:41
      4814

      Қорғау жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі ойлар

      [ 2018 ] 17 тамыз, 11:40
      1610

      Қараусыз мал пойыз қозғалысына кедергі келтіруде

      [ 2017 ] 17 қараша, 07:07
      1499

      Құрықтағы кәріз суы: Мәселенің мән-жайы

      [ 2020 ] 3 ақпан, 09:56
      3327

      Қызылтөбе ауылына қоқыс контейнері қашан келеді?

      [ 2020 ] 21 қаңтар, 16:59
      4309

      Рубрикалар

        ФотоТүпқарағанРедакцияБіле жүріңізБайқауРедакция туралыЖарнамаҚызық дерек

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3033

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2780

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2617

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3087

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2900

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2846

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»