Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының маңында салынатын жел электр станциясының алғашқы кірпіші қаланды. Құрылыс 2019 жылдың мамыр айында аяқталмақ.
Қуаты 42 МВт жел электр станциясы Түпқараған ауданында салынады. Станцияның аумағы 375 гектар жерді алып жатыр. Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторын орнатуды, құрылыс кезеңінде 70 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлауда.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тасымалдаушы ракета жабдықтары, жел турбиналарының жабдықтары мен басқа материалдарды, іске қосқаннан кейінгі алғашқы жылдағы пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді есептегенде, инвестицияның жалпы сомасы 50 290 700 АҚШ долларын құрайды.
Осы жылдың шілде айында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «South Wind Power» ЖШС бас директоры С.Парцикян мен «Horgos Jiuhe SilkBridge New Energy Co.,Ltd компаниясының басшысы Huang Cheng арасында жел электр станциясы жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Жел электр станциясының құрылысы «Жасыл экономикаға» көшу, экологиялық таза инвестициялық технологияларды енгізу аясында іске аспақ.
Бұл жоба Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізілген. Есеп айырысу және қаржы орталығы станцияны сатып алу туралы шартқа қол қойған. Болашақта өндірілген энергия Маңғыстау электр тарату желісі компаниясының желілеріне қосылады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="59821,59824,59825,59826"]