
Мүшәйра! Мүшәйра! Мүшәйра!
«Ақжігітім – ауылым» атты облыстық жазба ақындар мүшəйрасының ЕРЕЖЕСІ
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылының 50 жылдық мерейтойына арналған облыстық жазба ақындар мүшəйрасы ұйымдастырылады. Мүшəйраның мақсаты: - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауылым – алтын бесігім» арнайы жобасын іске асыру; - Ауылдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, ауылда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді суреттеу; - Ауыл құндылықтарын насихаттау; - Қаламгерлерді қолдау және шығармашылығын дамыту; - Ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісіне жол ашу жəне сол арқылы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу; - Ақжігіт ауылының тарихын көркем әдебиет арқылы таныту; Шарттары: - Мүшəйраға қатысушы ақындар жасы шектелмейді. - Қатысушы ақын берілген тақырыптар бойынша екі шығармасын ұсынады. Байқауға ұсынылатын тақырыптық бағыттар: