Екінші жартыжылдыққа баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр
[ 2019 ] 4 маусым, 10:35 | Аудан тынысы
2019 жылдың екінші жартыжылдығына баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр.
Осыған орай газет-журналдарға жазылу «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімшелерінде жүргізіледі. Сонымен қатар Бейнеу аудандық «Рауан» газеті алдағы уақыттарда оқырмандарына жеңілдіктер мен қолжетімді бағаларын ұсынбақ.
Газетімізде әртүрлі тақырыптар бойынша (әдеби шығармашылық, мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне, әйел, қыздарға, балалар мен жастарға, құттықтаулар мен жарнамаға) арнаулы беттер тұрақты түрде жарияланып тұратынын қаперлеріңізге береміз. «Рауан» газетіне жіберілген хабарландырулар мен құттықтаулардың бағасы және газетке жазылу қолжетімді болмақ. «Қазпоштадан» бөлек «Рауан» газеті редакциясы арқылы «Рауанға» жарты жылға жазылу құны - 720 теңге.
Жазылу барысында өздеріңізге етене жақын «Рауан» газетін ұмытпаңыздар! Бұл басылым ауданымыздың тыныс-тіршілігінен хабар беріп отыратын айнасы, жалпы оқырманның рухани азығы десек, артық емес. Сондықтан ұйымшылдықпен жазылайық, ауылдастар!
Жазылу бағасы
пошта арқылы:
Мекеме, кәсіпорындар үшін Жеке адамдар үшін
1 жылға - 3434,52 тиын. 1 жылға-2414,52 тиын.
6 айға - 1717,26 тиын. 6 айға - 1207,26 тиын.
Индекс 15690. Индекс 65690.
2437
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.