Құрметті Бейнеу ауданы тұрғындары!
2019 жылға баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр. Осыған орай газет-журналдарға жазылу «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімшелерінде жүргізілді.
Сонымен қатар аудандық «Рауан» газеті алдағы уақыттарда оқырмандарына жеңілдіктері мен қолжетімді бағаларын ұсынбақ.
Газетімізде әртүрлі тақырып бойынша (әдеби шығармашылық, мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне, әйел, қыздарға, балалар мен жастарға, құттықтаулар мен жарнамаға) арнаулы беттер тұрақты түрде жарияланып тұратынын қаперлеріңізге береміз.
«Рауан» газетіне жіберілген хабарландырулар мен құттықтаулардың бағасы және газетке жазылу қолжетімді болмақ. «Қазпоштадан» бөлек «Рауан» редакциясы арқылы «Рауанға» 1 жылға жазылу - 1440 теңге.
Жазылу барысында өздеріңізге етене жақын «Рауан» газетін ұмытпаңыздар! Бұл басылым ауданымыздың тыныс-тіршілігінен хабар беріп отыратын айнасы, жалпы оқырманның рухани азығы десек, артық емес. Сондықтан ұйымшылдықпен жазылайық, ауылдастар!
Жазылу бағасы: