©
Бейнеуде Досан Тәжиев пен Сұлтан Бейбарыс көшелерінің қиылысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі ұйымдастырды.
Баға тұрақтылығын сақтау мақсатында өткізілген бұл жәрмеңкеге аудандағы шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен бау-бақша өсірушілер, жылыжай иелері қатысып, өздері өсіріп, дайындап отырған өнімдерін жұртшылыққа ұсынды. Атап айтқанда, азық- түлік тауарлары, көкөніс өнімдері мен жеміс-жидектер, сүт өнімдері тұтынушыларға нарық бағасынан төмен бағада сатылды. Мәселен, қауындардың килограмын 100 теңгеден, қарбыздарды 50-60 теңгеден сатып алған тұтынушылардың ризашылығы шексіз болды.
Жергілікті өнім өндірушілердің жәрмеңкесі ағымдағы жылдың қазан айының 15-не дейін әр сенбі сайын жалғасын табатын болады.
Айнахан ЕСЕТ Бейнеу ауданы