• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 19 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

«Таза сайлау» бақылаушылары Маңғыстауда...

Қала тұрғындары сайлауда белсенділік танытып жатыр...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

  • USD: 420.29 ₸
  • EUR: 506.87 ₸
  • RUB: 5.66 ₸

Тұрғындар – басты назарда

[ 2020 ] 9 ақпан, 12:23  |  Маңғыстау

Жуырда облыс әкімі С.Трұмовтың қатысуымен Маңғыстау ауданының әкімі Т.Көшмағанбетовтің халық алдында қорытынды есеп беру жиыны өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен жиынға облыс, аудан активі, депутаттар, қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесінің мүшелері, құқық қорғау органдары мен аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар, жастар өкілдері, әлеуметтік сала мамандары және аудан тұрғындары қатысты.

Жиынды аудандық мәс­лихат хатшысы А.Сарбалаев ашып, «ҚР Президентінің орталық атқарушы органдар басшыла­рының, әкімдердің, ұлттық қо­ғамдық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкім­дердің халық алдындағы есеп беру кездесулері өткізілуде. Аудан әкімі Т.Көшмағанбетовтің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесу­лері қаңтар айының ішінде ауыл орталықтарында және аудандық қоғамдық кеңес алдында өтті. Аталған жарлыққа сәйкес 2019 жылғы ауданның әлеуметтік-­экономикалық даму қорытындысы және алда тұрған міндеттері туралы аудан әкімі Т.Көшмағанбетовтің есептік баяндамасы тыңдалды.

Алдымен аудан әкімі Т.Көшмағанбетов өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстарды жан­-жақты баян­дап берді. Баяндамадан бір жылдық белесте бірша­ма жұмыс атқарылғанына жиналғандар куә болды. Ел экономикасының ілгері басуының арқасында ауылдарды абаттандыру, көріктендіру, жарықтандыру жұмыстары жібін үзбей жалғасып жатқандығы айтылды. Десе де ел тұрмысының жақсарып, ауылдардың көркеюінде әлі де бол­са атқарылар іс аз емес.

Аудан әкімінің баяндамасынан кейін жарыссөзге шыққан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ертілеуов төрт мыңдай халқы бар ескі Шетпе елді мекенінен амбулато­рия салу, екі қатарлы пойыз жол өткелін кеңейту мәселесін қозғады. Ал қоғамдық кеңестің мүшесі Ө.Жайлаубай

«Аудандағы және ауыл ішінде қордаланып қалған қоқысты бір реттік сенбілік жұмыстары мен тазалық шаралары­нан бітетін іс еместігі анық, аудандағы тазалық мәселесіне облыстық бюджеттен қоқыстан толық тазаратындай қылып қаржы бөліп, әрбір көшеге қоқыс салатын арнайы жәшіктер орнатылса» деген ұсынысын айтты. Сондай-­ақ спорт саласының ардагері С.Тілегенов сөз алып, Шайыр ауылына қарасты, жайлауы кең, малға суы тегін Тиген елді мекеніне көгілдір газ құбырын тартып беруді және спорт саласындағы жетістіктері жоғары ауданымызға ардагерлер­ге арналған заманауи спорттық сауықтыру кешені салынса деген ұсынысын айтып, аудан әкімінің бір жылдық еңбегін оң бағалады. Сонымен қатар қорытынды есепке қатысқан тұрғындар тарапынан Қосбұлақ ауылында орналасқан

мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, елді мекеннен мектеп пен балабақша салу, шалғай ауылдарға қатынайтын көліктің тапшылығы, Онды ауылынан газ құю бекетін салу және М.Атымов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-­ақ Жармыш ауылының тұрғыны Б.Бекмағанбетов «Бейнеу бағытындағы жолда мал айдап өтетін жер қарастырылмаған, соған байланысты мүмкіндігінше мал айдап өтуге ыңғайлы күре жол салып бе­руді» сұраса, көп балалы аналар қоғамдық көлікте жүруге және балабақша төлемдеріне жеңілдік жасау, сондай-­ақ Ақшымырау ауылының тұрғыны Қ.Серіков ауылдан мал шаруашылығына арналған су ұңғымаларын орнату сияқты түскен ұсыныс­-тілектер толық назарға алынды.

Ел ішіндегі кейбір мәселелерді назарға берген ауыл тұрғындарының ұсыныстары бойынша түскен талап-тілектерге жеке-­жеке тоқталған облыс әкімі С.Трұмов тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, аудан көлемінде шешімін табатын мәселелерді Т.Жеткізгенұлының назары­на ұсынды. «Елдің іші болған соң түрлі мәселелер болады, ал сол мәселелерді нақты іспен шешу – біздің міндетіміз. Себебі бүгінгі кездесуде Мемлекет басшысының бізге қойып жатқан талабы – халықпен ашық мемлекет құру және халықтың үніне құлақ түру. Мемлекет басшысының айқындап берген бағыттарын басшылыққа алып, өңірімізді одан әрі дамыту жолында қызметтене беретін боламыз», – деді өңір басшысы.

Халық алдында есеп беру кездесуінен кейін аудан әкімдігінде өңір басшысы аудандағы қоғам белсенділерімен кездесті. Еркін форматта өткен кездесуде ауыл азаматтары аудандағы шешілуі тиіс мәселелер туралы ашық пікірлерін, ел әлеуетін көтеру жолындағы ортақ ұсыныстарын жеткіз­ді. Ортақ мүдде – ел болашағы сөз болған кездесуде облыс әкімі әрбір ұсыныстың құнды екенін айтты.

Д.ӨТЕПБЕРГЕН,

М.ЖЕБЕҚЫЗЫ

1815
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Аудан тынысы Маңғыстау
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері

Келесі жаңалық

Халықтың талабы ескеріле ме?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    957

    Маңғыстау ауданында 599 жаңа жұмыс орны құрылады

    [ 2020 ] 5 маусым, 15:44
    1533

    Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 1 адам анықталды

    [ 2020 ] 21 сәуір, 09:00
    1212

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    3061

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    2715

    Маңғыстау ауданында мал сою пунктінің жұмысы қайта жанданбақ

    15 қаңтар, 16:19
    271

    Рубрикалар

      Сараптама Тағайындау Ауыл өмірі Мәдениет Жастар беті EXPO - 2017 анонс Астана - 20 Ашық қоғам Маңғыстау жаңалықтары Редакция туралы Түпқараған

    Автордың басқа да жазбалары

    Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады

    Бүгін 09:56
    36

    Алексей Цой эпидахуал бойынша 2021 жылдың соңына дейінгі болжамды жария етті

    Бүгін 09:41
    31

    Маңғыстауда тағы 2 адамнан коронавирус анықталды

    Бүгін 09:22
    21

    Жаңа Үкіметтің құрамы белгілі болды

    Кеше 16:59
    96

    Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі 5 маусымға дейін ұзартылды

    Кеше 15:52
    83

    Қарақиялық ұстаз арнайы интернет канал арқылы сабақ жүргізеді

    Кеше 14:07
    111

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»