©
Кез-келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандарға түскен жапырақтар тез тұтанады. Орман немесе дала өрттерінің жануы кейде найзағайдан болады, бірақ өртті далаға жиірек адам әкеледі. Дала өрттері болуының ең бірінші себептері:Орман өрттерінің зардаптары
Орман өрттері су тасқыны мен лай көшкінінің ықтималды қауіптілігін күшейтеді. Өрт кезінде бөлініп шығатын түтін мен басқа да зиянды заттар адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Ағаштың, жем-шөптің, флора мен фаунаның, көрікті жерлердің және су айырықтарының қорын жояды. Демалатын жерлер мен туризмнің аумағын тарылтады. Апат аймағында әкімшілік басқармасының ерекше заңдары әрекет етеді, осы заңдар барлық күштерді және техниканы өртті сөндіруге қолдануға рұқсат етеді. Бейнеу ауданы өрт сөндіру қызметкерлері үшін шілде айынан бастап, күздің соңғы айларына дейін толассыз жұмыстарға толы болмақ. Себебі жаздың бел ортасында ауа температурасы біршама жоғарылап, күн ысиды. Қатты ыстықта орман алқаптарында өрт қаупі күшейеді. Сала мамандары арнайы алдын алу шараларын жүргізіп, келеңсіз жағдайларды болдырмау ережелерін ескертті.Р.ЕРҒАЛИЕВА, «Бөбек бөбекжайы» тәрбиешісі