Мұнайлы ауданының 141 тұрғыны жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грантты ұтып алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Грант түрлері мал шаруашылығы, сұлулық салоны, тігін, шаштараз, баспахана, мебель цехтары, кілем жуу орталықтарын ашу бағытындағы жобаларға берілген.
Биыл 621 адам «Бастау бизнес» курсында оқыды. Соның ішінде 354 адам курсты аяқтады. Олардың 254-і жастар, 23-і аз қамтылған отбасы мүшелері, 54-інің мүгедектігі бар, ал 290-і өзге санаттағы адамдар құрап отыр.
Жаңа бизнес идеяны іске асыруға 141 адамға грант берілді. Оның 83-і осал топтағы адамдар, қалған 58-і жастар. Қайтарымсыз грант иегерлері атанған жас кәсіпкерлер бүгінгі таңда әр салада өздерінің кәсіптерін бастап кетті.