"Абдуллаева С.Д." шаруа қожалығы "Каспий” ӘКК”-мен біріккен жоба аясында жылыжай ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жоба аясында шаруа қожалығы "Каспий" ӘКК"-ден жеңілдетілген несие алған. Қазіргі таңда жылыжайдың 90% жұмысы аяқталған.
"Абдуллаева С.Д." шаруа қожалығы өкілі Қуандық Жұмабергеннің айтуынша, жылыжайға жылу, су құбыры салынды. Енді газ тарту, қалба жотасы сияқты соңғы жұмыстары қалды.
"Жыл соңына дейін жылыжай пайдалануға беріледі. Содан соң көкөніс егу қолға алынады. Атап айтқанда, қызанақ, қияр, болгар бұрышы сынды көкөністі ұсынамыз", - дейді шаруа қожалығының өкілі Қуандық Жұмаберген .
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Фото, видео "Каспий" ӘКК" алынды