Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданына қарасты Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі үшін биыл жемісті жыл болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған білім ордасының 70 түлегі мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысып, нәтижесінде оның 69-ы грант иегері атанды.
Ал, ҰБТ қатысқан осы аудандағы Қызылтөбе лицейінің 51 түлегінің 91% мемлекеттік грант иегері атанды.
Бұдан бөлек 1 түлегі шет елге, 1 түлегі Төтенше жағдайлар министрлігінің академиясына (мемлекет есебінен) оқуға түсті.