Yessenov University ғимаратында «Көшбасшы имиджі» мотивациялық тренингі өтті. Шара Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе «Ақтау» студенттер Альянсы» корпоративтік қоры ұйымдастырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Семинар тренинг басталмастан бұрын «Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Гүлмира Бурхандинова сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
«Тренингті өткізудегі мақсатымыз - жан - жақты жəне қоғамдық пайдалы студенттік өмірді ұйымдастыру. Студент жастарды мəдени, рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту бойынша жүйелі жұмысты үйлестіру. Сонымен қатар студенттердің əлеуметтік өзін-өзі қалыптастыруына жəрдемдесу», - дейді Г. Баянқызы.
Екі жарым сағатқа созылған тренингті «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық студенттер қозғалысының президенті, ҚР Президенті жəне Парламент Сенаты жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі, спикер Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы жүргізді.
Ол жастарға көшбасшы болудың маңыздылығын түсіндіріп, көшбасшы имиджін қалай қалыптастыру керек екенін айтты. Сондай-ақ жетістікке жетудің басты кілті ретінде саяхат жасау пен кітап оқуды ұсынды. Студент кездегі қызықтар мен шетелге шыққан сәттегі тәжірибесін тілге тиек етті.
Негізгі тақырыптан соң қатысушылар сұрақ қойып, көкейдегі сауалдарына жауап алып, пікір алмасты.