Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- Ақтау қаласы, Түпқараған және Бейнеу аудандарының жедел жәрдем қызметкерлері жұмысын жалғастырып жатыр. Ал Мұнайлы ауданынан 8 адам, Жаңаөзеннен 10 қызметкер жұмыстан шығарылды. Олар заңға сәйкес өздеріне тиесілі жалақыны алып отыр. Жүргізушілерге еңбекақыдан басқа 40 мың теңге үстемақы беріледі. Жүргізушілердің орташа жалақысы - 180 мың теңге, фельдшерлер бір күн жұмыс істеп, 3 күн демалады – жалақысы 200 мың теңгеден астам. Олар барлық табысқа салық салынатынын, яғни айлық жалақыдан әлеуметтік төлемдер ұсталатынын түсінбейді, - деді Аманбек Жұмыров.