Ақтауда қала күніне орай теңіз жағалауында Головкин мен Канелоның жекпе-жегі көрсетіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жекпе-жек 18 қыркүйек күні АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласында өтеді. Бокс кеші елорда уақытымен таңғы сағат 5:00-де басталады. Ал Головкин мен Канело рингке елорда уақытымен 9.00-де шықпақ.
Тарихи жекпе-жекті тұрғындар 18 қыркүйек күні сағат 07:40-та(жергілікті уақыт) жиналып, 15 шағынаудандағы теңіз жағалауында тамашалай алады.
Шараны қала әкімдігі ұйымдастырады.