Биыл ауыл аумағында жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы аяқталды. Бұл туралы Баянды ауылының әкімі Мұқанжан Камалов мәлім етті.
«Баяндыдағы "Ынтымақ және Достық" көшелеріне 2,2 шақырымды құрайтын автомобиль жолы төселді. Сондай-ақ 2017 жылы бастау алған Баянды-2, Баянды-3 тұрғын үй массивіне 7,5 шақырымды құрайтын асфальт төселді. Ал ауылдың кіреберісінен тұрғын-үй алабына апарар жолдың 2 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен барлығын қосқанда 11 шақырымды құрап отыр. Жалпы ауыл аумағында жол мәселесі 96 пайызға шешілді», - деді Мұқанжан Камалов.