Басқұдықтағы ауылішілік жолдар 2023 жылы салынады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Желі қолданушысы Басқұдық көшелеріне қашан асфальт төселетінін сұраған болатын. Сауалға Мұнайлы аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері жауап берді. Олардың айтуынша, жолдың жобалық-сметалық құжатын жасақтау жұмыстары биыл маусым айында басталған.
- Жоспар бойынша жобалау жұмыстары биыл аяқталып, 2023 жылы қаражат бөлуге ұсыныс беріледі, - дейді қызметкерлер.