Ақтауда таңғы 8:00 шамасында есігі құлыпталмаған пәтерден екі ұялы телефон ұрланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Полиция қызметіне жүгінген жәбірленушіге келтірілген залал құны 920.000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 18 жастағы азаматшаны ұстады. Бұл факт ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелген. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.