Ақтауда оқушылар жарты сағат ғана сабақ оқиды. Бұған оқу кабинеттерінің салқындығы себеп болып отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қалалық білім бөлімі мамандарының айтуынша, жылу беру қысымының төмендеуіне байланысты қаладағы білім беру ұйымдарының оқу кабинеттері салқын.
"Оқу процесін үзбеу мақсатында білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесімен бірлесіп, сабақ уақытының ұзақтығы 30 минутқа дейін қысқарту келісілді. Құрметті ата-аналар және қала тұрғындары! Балаларды жылы киіндіріп жіберуіңізді сұраймыз", - деді Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі.
Аталған мәселе Ақтау қаласы әкімдігінің бақылауында болады.