2 желтоқсан күні Түпқараған ауданының 33 жастағы жергілікті тұрғынынан жалпы салмағы 44 келіден асатын бекіре тұқымдас балықты тәркіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
Бекіре балығынан бөлек 25 келіден астам атауы белгісіз балық пен тоңазтқыш тәркіленген.
Түпқарағандық тұрғынды жедел қызмет кезінде криминалдық полиция қызметкерлері шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, “Киік” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұстады.
- Ұсталған 33 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген полиция хабарламасында.