31 “А” шағын ауданында орналасқан «Халық банк» бөлімшесіне алкогольдік масаң күйдегі ер адам қарақшылық шабуыл жасаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ер адам келушілерге пышақ көрсетіп, сол пышақпен жігітке шабуыл жасаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Ақтау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 43 жастағы күдіктіні ұстады.
Аталған факті ҚР қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.