Жаңаөзен қаласының тұрғыны “қайтарымсыз грант аламын” деп алаяқтың арбауына түсті. Сондай-ақ жәбірленуші 200 000 теңге материалдық шығынға батты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы жергілікті тұрғынның жеке басын анықтап, ұстады.
"Аталған дерек ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын алаяқтардан сақ болуға шақырады. Сенімсіз есепшоттарға қаражат аудармауды сұрайды.