Ақтауда 5-10 шілде аралығында күн сайын сағат 19:30-дан 20:00-ге дейін дауыс күшейткіштер қосылады. Бұл туралы Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Суда адам өлімі фактілерінің көбеюіне байланысты, сондай-ақ демалушылардың суға түсу кезеңінде қауіпсіздікті болдырмау мақсатында бес күні бойы сағат 19:30-дан 20:00-ге дейін арнайы дауыс күшейткіштер арқылы хабарландыру жолданады. Тұрғындар мен қонақтарға түсіністікпен қарауды, сондай-ақ ақпаратты мұқият тыңдауды сұраймыз, - деп хабарлады Ақтау әкімдігі.