Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
– 1960 жылы туған азаматтың жағдайы өте ауыр. Науқаста бүйрек пен бауырдың жеткіліксіздігі синдромы бар. Қазіргі уақытта гемодиофильтрацияның екінші курсы жүргізіліп жатыр. Науқас ес-түссіз, өйткені ол медициналық седативті емде, яғни тыныштандыратын ұйқыда жатыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 25 маусымда 29А шағынауданында Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі жол сызбасын салып жатқан «Қала жолдары» ЖШС қызметкерін қағып кеткен. Ер адам көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілген.