UFC жеңіл салмақ дәрежесінің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов 16 шілдеде Ақтауда өтетін Eagle FC және Naiza FC Қазақстан лигасының бірлескен турниріне келеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады.
- Саламалейкум, Қазақстан! Біз сізге тағы да қонаққа барамыз. Бұл жолы 16 шілдеде Ақтау қаласында, Каспий жағалауында біз Eagle FC және Naiza FC бірлескен турнирін өткіземіз. Жақында сол жерде кездескенше! Көптеген қызықтар болады, біз екі титулдық жекпе-жекті өткіземіз, - деді ол.
Хабиб Нурмагомедов – Eagle FC промоушенінің иесі, бірақ ұйым президентінің қызметін оның немере ағасы Шамиль Завуров атқарады.