Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды. Қабылдау барысында азаматтардың бірі кәсіпкерлік мәселесі бойынша өтінішін айтса, енді бірі жер, газ мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар, бір топ азаматшалар жұмыссыздық, тұрғын үй кезегі, әлеуметтік жағдайларына қатысты өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын түсіндіріп, тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеп, бақылауға алатындығын жеткізді.