Атамекен ауылының тұрғындары жаңбыр жауғаннан кейін көшелерде жүру қиынға соғатынын айтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғындардың айтуынша аздаған жаңбыр жауса ауыл көшелері батпаққа айналып, балалардың мектепке барып-келуі қиындайды. Бірнеше жыл бойы айтылып келе жатқан бұл мәселе әлі де шешімін таппай келеді дейді халық.
- 6 баланың анасымын. Оның үшеуі мектепке барады. Жаңбыр жауса көшеде аяқ басатын жер қалмайды. Әкімдікке айта-айта біз де шаршадық, - дейді Атамекен ауылының тұрғыны Дәметкен.