1 маусым күні Мұнайлы ауданының қойма үй-жайларының бірінде 3 176 бөтелке күмәнді есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімін заңсыз сақтау фактісі анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жеке тұлғаның тиісті рұқсат құжаттары болмаған. Десе де Маңғыстау облысы бойынша алкоголь өнімдерін сату жөніндегі қызметті жүзеге асырғаны алдын ала анықталды.
Анықталған алкоголь өнімі алынып, жауапты уәкілетті ұйымға сақтауға берілді.
Қазіргі таңда жалған алкоголь өнімдерін жеткізушілер мен нақты меншік иелері, сондай-ақ өндіріс және сату орындары белгіленіп жатыр.
Айта кетейік, акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шара Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыстық Экономикалық тергеу департаментінің бірлесуімен өтті.
Мамандардың айтуынша, акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы мемлекетке және акцизделетін өнімдердің айналымын жүзеге асыратын заңға бағынатын бизнес субъектілеріне айтарлықтай зиян келтіретінін, сондай-ақ халықтың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді.
Акцизделетін өнімдерді заңсыз сату фактілері бойынша Маңғыстау облысының тұрғындары Мемлекеттік кірістер департаментіне - Ақтау қаласы, 31 "Б" шағын ауданы, 35 үй, анықтама телефоны: (7292) 30-13-10 (қосымша 1104) Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасына жүгіне алады.