Маңғыстау ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерге түнде ауыз су беру тоқтатылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мұнайлы ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Каспий» су тұщыту зауытынан келген судың көлемі аудан тұрғындарының қажеттілігіне жетпейді. Сондықтан түнгі 01:00 – 04:00 аралығында ауыз су беру тоқтатылады.