Маңғыстауда учаскелік инспекторлар өрт шыққан үйден адамдарды аман алып шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 желтоқсан күні Қарақия ауданының Құрық елдімекеніндегі 2 шағын аудандағы көпқабатты үйлердің пәтерінің бірінен өрт шықты.
Ықшамаудан аумағында кезекшілікте жүрген учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Аслан Есенгалиев пен полиция лейтенанты Айдос Думаш кезекші бөлімнен хабарлама түскен бойда, бірден мекенжайға бет алған. Оқиға орнына барғанда 2 қабаттағы пәтерден түтін шығып жатқандығын көріп, бірден адамдарды қауіпсіз жерге кіріскен.
Өрт болған қабаттан 9 адамды эвакуациялағаннан кейін, басқа да пәтерлерді тексеру барысында үстіңгі қабаттағы пәтердің бірінде анасы мен баласының қалып қойғандығын байқады.
«Учаскелік полиция инспекторлары жедел әрекет етіп, полиция капитаны Аслан Есенгалиев 7 жас шамасындағы жасөспірімге газға қарсы қорғаныс бас киімін кигізіп, анасы екеуін далаға шығаруға көмектесті. Қасындағы әріптесі тағы бір ересек әйелді эвакуациялап, осылайша полиция қызметкерлері адам өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Төтенше оқиғадан кейін ауыл тұрғындары Қарақия ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлеріне шексіз ризашылығын білдіріп, қызметтері үшін алғыс білдірген.