Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына және 22 бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Маңғыстау ауданының Сайөтес ауылдық округі әкімін сайлау
жөнінде Сайөтес ауылдық округі шекарасында сайлау округі құрылсын.
Сайлау округінің тізімі, оның шекарасы мен аудандық және
учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан орны көрсетіле отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.