2019 жылы Ақтау қалалық №2 соты 10 833 азаматтық істі аяқтады. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 51 пайызға азайған. Бұл туралы Ақтау қаласы №2 сотының төрағасы Рахымжан Бейсенов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сонымен қатар сотқа келіп түскен талап қою арыздары да 38 %-ға төмендеген.
«2019 жылы 2 395 сот бұйрығы шығарылды. 5 871 іс шешім шығарумен аяқталды, оның 46-ы сырттай шешім болса, 1 516 іс оңайтылған тәртіппен орындалған. Сондай-ақ былтыр қалалық №2 сотта 1 224 іс тоқтатылды. Атап айтқанда, татуластырумен 234 іс, медиация арқылы 763 іс, ал 5 іс партисипативтік келісімдермен тоқтатылған. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 75 %-ға азайып отыр», - деді Ақтау қаласы №2 сотының төрағасы Рахымжан Бейсенов.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН