• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 18 Қазан 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда жауған жаңбыр «жасанды» ма?...

Маңғыстау облысында нан қымбаттады...

Нұрлан Ноғаев: Қала құрылысының бей-берекет салынуы – халықты құрметтемеу...

Түпқарағанда миллионға жуық теңге қанша итті «қапты»...

Кімге төлеу керек? Тұрғындар энергия төлемдерінен шатасып жатыр...

  • USD: 425.78 ₸
  • EUR: 494.08 ₸
  • RUB: 5.98 ₸

Әуе қызметінің ахуалы әлеуметке лайық па?

[ 2018 ] 6 маусым, 07:32  |  Маңғыстау жаңалықтары

Holiday Inn Hotel қонақүйінің конференц-залында тұңғыш рет Қазақстандағы әуежайлар қызметіне арналған әріптестік кездесу өтті. «Әуе ұшақтарының жер үстіндегі салалық қызметтері» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев, ҚР Инвестиция және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің өкілдері, Ақтау, Астана, Алматы, Сары-Арқа (Қарағанды) әуежайлары басқарма басшылары, «Эйр Астана», «Скат», «Бек Эйр» және «Қазақ Эйр» әуе компанияларының қызметкерлері қатысты.

Жиынды алғы сөзбен бастаған облыс әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев еліміздегі әуе қызметінің маңызы мен сапалық деңге­йі туралы баяндады. «Құрметті әріптес­тер, жиынға қатысушы қонақтар! Киелі Маңғыстау жерінде ұйымдастырылып отырған, республика көлемінде және өз өңіріміз үшін де күрделі әрі маңызды әуе мекемелерінің жердегі қызмет көрсету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жұмысына қош келдіңіздер! Біз еліміздегі әуе ұшақтарының қызметі халықаралық деңгейлерге сәйкес келуі үшін кедергі келтіретін мәселелер мен кедергілерді шешу жолдарын талқылау үшін жиылдық. Осы түйткілді тақырыптарды бәріміз бірлесе талқылап, пікірлесіп, ортақ шешімге келіп, оны тиісті орындарға жөнелтіп, әуежайлардағы қызмет сапасын көтеруге атсалысуымыз қажет. Бұл – Ақтау қала­сына қатысты шаруа емес, бүкіл республикамыз бойынша әуежайлар қыз­метінің деңгейін көтеру, қазіргі күн тәртібіне шыққан мәселе. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстел Азаматтық авиация комитеті және әуежайлар, әуе ком­панияларының қолдауымен бірлесе өткізіліп отыр», – деген Руслан Кенесары­ ұлы әуе ұшақтарының жердегі қызмет көрсету салаларындағы түйткілді мәселе­лерге тоқталды.

«Біз бүгінде әлемнің дамыған 30 елі қатарына ену үшін ғаламдық ортақ шаруаларды заңнамалық, техникалық реттеулер деңгейінде шешуіміз  қажет.  Сол себепті, аталған қызмет түрлері бо­йынша ортақ түсіністікке келіп, тиім­ді шешімдерге тоқталғанымыз жөн. «Ақтау» әуежайы Түркияның ATM Grup компаниясымен жасалған ортақ келі­сімге сәйкес аталмыш ұйымға берілген. Бұл тәжірибе біздегі әуежай қызметінің сапалық деңгейінің арта түсуіне септі­гін тигізіп отыр. Таяу уақытта Ақтауда Каспий жағалауындағы бес  мемлекет­тің  президенттері бастаған делегация бас қосады. Біздің  әуежай маңызды мемлекеттік шарада жоғары қызмет көр­сетуді жоспарлап отыр.  Қазір  осыған қызу дайындық жұмыстары басталып та кетті. Жалпы, Ақтау әуежайымен қатар барлық өңірлердегі әуе ұшақтарына ар­налған мекемелер халықаралық стан­дарттарға сай болуға әзірлік жасауы тиіс. Бұл – уақыт талабы. Біздің әуежай 2016 жылы  860 мың  жолаушы қабылдады, ал өткен жылы бұл көрсеткіш миллион­нан асты. Бұл өз кезегінде өңірімізде әуе қызметін пайдаланушылар қатары кө­бейгенін көрсетсе, оларға сапалы  қыз­мет жасау да жоғары жауапкершілік жүктейді. Сондай­ақ бұл өңіріміздің әуе тасымалының батыс қақпасы ретінде қыз­мет аясы ұлғая түскенін байқатады. Осы орайда көрікті Каспий жағалауында ор­наласқан аяулы қаламыздың туристік са­пасын жақсарту мәселесі алға шығады. Жуырда ғана Маңғыстауға бірқатар ше­тел мемлекеттерінің бір топ журналисте­рі келді. Олар біздің өңірдің тыныс­-тір­шілігімен танысып, тарихи орындарды аралады. Мұндай кезде қонақтарды әуе­жайдан күтіп алудан бастап, қаладағы бар­лық салалардағы қызмет көрсету сапасы сынға түсетіні белгілі. 

Шетел журналистері жалпы Қазақстан және жекелеген қа­лаларымыз туралы білгенімен, Ақтау туралы толық мәліметтер­ге қанық еместігін жеткізді. Олар өз тарапынан қаламызды әлемге таныта түсуге қызмет жасауға дайын екендіктерін де айтты. Біздің аймақта бес бірдей мемлекет теңіз жағалай шека­раласып жатса да, Өзбекстан, Түрікменстан секілді елдермен әуе байланысын жолға қоя ал­май келеміз. Мәселен, осы ел­дердегі қандастарымыз әуе қызметін алғысы келетіні жасы­рын емес. Шекаралас елдермен бұл бағыттағы байланыс сала­сында осындай кемшін тұстар бар. Ал қазір әлемнің әртүрлі аймағындағы туристер біздің өңірге келгісі келеді. Осы әуе бағыттарын кеңейтіп, қызмет көрсету сала­сы мен сапасын жақсартуға тиіспіз», – дейді Р.Сәкеев.

Еске салсақ, жуырда облыс әкімі Ералы Тоғжанов бастаған делегация Біріккен Араб әмірлігіне, Дубай шаһарына ресми сапар­мен барған еді. Сапардағы маңызды кезде­ сулерде Араб әмірліктері мен Ақтау қаласы арасындағы қосымша жаңа әуе рейстерін ашу туралы келіссөз жасалды. Келісім негізін­ де бұл рейстер биылғы жылдың қыркүйек айында қосылатын болады.

Әуе кемелерінің жердегі барлық қызмет­терінде заңнамалық деңгейде белгіленген шектеулері де бар. Дөңгелек үстел жұмы­сында қатысушылар әр мемлекеттің өз іш­кі тәртіптері мен талап­-шарттарына сәйкес жағдайларды қарастырып, әуе компаниялары арасындағы ортақ келісім жасауына қатысты өз ой­-пікірлерін айтты.

Ақтау халықаралық әуежайы басқарма­сының басшысы Сельчук Киледжи жер үс­тінде көрсетілетін қызметтердің коммер­циялық бөлігін реттеу қажеттілігіне назар аударып, өз тәжірибесімен бөлісті.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Балаңызды 5 жаста 1-сыныпқа беруге дайынсыз ба?

«Біз біраз жылдардан бері сіздермен бір­ге әуежайлардың мемлекет көмегінен тыс, өз­өзін қамтамасыз ету жолымен халықара­лық авиация және қауіпсіздік стандартта­рына сәйкес қызметтерді көрсетуді қалай реттеу қажеттігін талқылап келеміз. Әуе ком­паниялары Азаматтық авиация комитетіне ықпал жасап, әуежайларда, тіпті өзіндік құ­нынан төмен болса да қызметтерді иеленуді және басқа тасымалдаушы компаниялардың осы әуежайға келу мүмкіндігіне кедергі кел­тіруді көздейді. Әуежайлар мемлекеттік ор­гандар арқылы әуе компаниялары ықпалымен пайдаланылып келеді. Ақтау әуежайы 8 жыл бұрын Азаматтық авиация комитетіне барлық тараптардың мүдделерін қорғайтын қаулы жобасын жөнелткен және осы құжат бойынша өзіміз реттеулер жүргізе бастадық. Қазір бізде халықаралық стандарттарға сай келетін жүйе бар. Ол біздің тұтынушыларға, сондай­-ақ халыққа жоғары қызмет көрсетуімізге мүмкіндік береді», – дейді Сельчук Киледжи.

Селчуктің сөзінше, енді жаңа азаматтық авиация  талаптары­на сәйкеспейтін ескі кеңестік жүйе қолданыстан шығарылуы тиіс, оның орнына заңдық күші бар және халықаралық деңгейде мойындалған ИКАО, EASA және FAA жүйелері іске қосылуы қа­жет. Шетел мемлекеттерінің үл­кен көлемдегі жолаушы тасыма­лы мен дамыған әуе рейстерінің Қазақстаннан алда болуы ондағы нарықты реттеуші институтта­ры мен органдары монополист еместігінде болып отыр, олар барлық даму бағыттары мен ин­новацияларға есік ашқан. Бір ғана мысал: Солтүстік және Оңтүстік Корея мемлекеттері. Солтүстік Ко­реяда кедейлік белең алған, жақсы да қолайлы қызметтер қолжетімсіз, адамдар емін­-ер­кін саяхаттай алмайды, ал осы уақытта бір кезеңде өмір сүретін Оңтүстік Корея елінде жағдай мүлде керісінше. Бұл елде өте дамыған транспорттық желі қалыптасқан және сапа­лы қызметтерді адамдар айтарлықтай төмен бағада алады. Қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін Еуропа әуежайларында да мо­нополия ұғымын алып тастағаннан кейін кез келген әуежайға ешбір шектеусіз ұшуға жол ашылды.

«Міне, осындай халықаралық тәжірибелердің нәтиже­сінде  біз  жолаушылардың әуе желілерін таңдап, ұшу еркіндігі мен құқықтарына толық ие екенін көреміз. Мә­селен, Atlasglobal өз рейстерін тоқтатқан кезде «Скат» әуе компаниясы билет бағасын екі есеге өсіріп, рейс санын да арттырды. Бұл «Скаттың» қаржылық дағдарысқа ұшы­рағанын емес, оның бұл бағытта монополист болғанын көрсетеді. Ал шындығында атал­мыш секторды реттеуді қалайтын мемле­кеттік органдардың көздеген мақсаты – осы ма? Осы орайда қазіргі қалыптасқан жүйе мынадай халықаралық стандарттарға негіз­делуі тиіс деп білемін. Біріншіден, әуежай қызметтері мен жер үсті қызметтері мазмұ­ны мен сипаттамасына қарай бір­бірінен бөлектелуі керек. Екіншіден, транспорттық инфрақұрылым жүйесін дамыту жолдары. Үшіншіден, Азаматтық авиация комитеті осыған қатысты нақты жоспар түзуі тиіс. Төртіншіден, бізден ұшып жүрген әуе ком­паниялары өз жұмыстарын біздің әуежайда жалғастырып, сапа және билет құны бойын­ша жолаушылардың жекелеген профилін құруы қажет. Бесіншіден, тарифтер, әсіресе жер үсті қызметі бағалары мемлекеттік меке­ме бекітуі бойынша емес, нарықтық бағамен реттелуі керек», – дейді С.Киледжи.

Сондай-­ақ бұл талаптар тізімінде жер үсті қызметіне қатысты қызметтердің мазмұнын анықтау, құрал-­жабдықтардың минималды тізімі, бекіту процедуралары мен лицензия шарттары, концессиондық төлемдер, оқу, әуежай есебінен жер үсті есебін бөлу секіл­ді арнайы тараулар бар. Сонымен қатар осы іс-­әрекеттердің дұрыс орындалуы үшін мем­лекеттік қолдаудың да маңыздылығы зор. Әуежайлардың төменгі құрылым болуына байланысты тікелей үкіметтің қолдауы қа­жет етіледі.

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның аймақтық менеджері Сергей Андреев жерүсті әуе қызметі салаларына қатысты ұсынылатын тұжырымдаманың маңызды тұстарын атап, қызмет көрсету бағаларына қатысты алаң­даушылық білдірді.

«Атап айта өтер мәселе, жаңа тұжы­рымдама ұсыныстары, яғни әуежайларда­ғы жер үсті қызметін көрсетуге қатысты. Бұған дейін Қазақстанда осыған ұқсас құжат болмаған. Қазіргі уақытта Астанада біз осы бағытта жұмыстарымызды бастап кеттік. Жалпылай алғанда барлығы да осыған де­йінгі дүниелер секілді, яғни әуежайларда жолаушыларға көрсетілуі тиіс қалыптасқан қызметтер. Жердегі қызмет тарифтерін рет­теулерді шектеуді алып тастаудың соңы тарифтердің жаппай жоғарылауына алып кел­ді. Әуежайлар бұл мәселеге бел шешіп кірі­сіп кете алмайды. Қызметтер тарифінің көте­рілуі табысты көбірек түсіруге бағытталғаны белгілі. Бұл – ең қиын және күрделі мәселе. Әрине, белгілі бір дәрежеде қызметтердің ақысын өтеу, табыс түсіру – қажет іс. Алай­ да арнайы орган, мекемелер тарапынан ба­қылау  болуы  тиіс. Мәселен, жаңа жылдан кейін 8 әуежай қызмет көрсету бағаларын айтарлықтай көтеріп жіберді. Біз осыған бай­ланысты бұл жағдайларды қандай жолмен болса да қалыпқа келтіру үшін үкіметке де­йін жұмыстар жүргізудеміз. Егер осы саладағы шешімдер оң шығарылса, компаниялар қызмет құнын төмендетуі тиіс. Бұл барлық тараптар үшін де тиімді болар еді», – дейді «Эйр Астана» компаниясының өкілі.

Ақтау әуежайы басқарма төрағасы­ның орынбасары Меруерт Жол­дыбаеваның айтуынша, жердегі әуе қызметі біздің ел үшін тың тақырып бол­ғанымен сұраныстың артуына байланысты өзектілігі де жоғарылады. Республикада осы саладағы реттеу жұмыстары өткен жылдары қолға алына бастаған, ал әлемдік тәжірибеде оның тарихы 20 жылдан асады.

«Біз әуежайлар мен авиакомпаниялар ара­сындағы барлық түйткілді жайттарды қа­растырғымыз келеді. Бұл жерде техникалық қана емес, қаржылық мәселелер де бар. Біз жердегі әуе қызметтері туралы дұрыс түсі­нік қалыптастыруды көздейміз. Қазіргі күнде Кеңес кезінен бері бізде бір жүйе жалғасып келеді, әуежайларға бөлінген тұста жердегі әуе қызметі әуежайларға жүктелді, алай­ да бұл жауапкершілік авиакомпанияларға да тиесілі. Әлемдік тәжірибеге сәйкес жер үстіндегі қызметпен әуежайлар, әуе ком­паниялары және жер үсті компаниялары айналыса алады. Біздің Қазақстанда бұл қызметті негізінен әуежайлар атқарады, себебі бөлініс кезінде барлық техникалар әуежайларға қалған. Әуе компаниялары осы қызметпен айналысуына болады, бі­рақ бұл іс-­әрекеттер әуежай территория­ларында жүргізілетіндіктен және әуежай инфрақұрылымдары көмегі қолданылуына байланысты біз белгілі бір көлемде комис­сия төлемін алуға құқылымыз», – дейді М.Жолдыбаева.

Қазіргі күнде әуе компаниялары кейбір қызмет түрлері бойынша жұмыстар жүргі­зуге дайын, дегенмен М.Жолдыбаева бұл қызметтер кешенді түрде жасалуы керек­тігін айтады. Ал авиакомпаниялар бұдан бас тартса, әуежайлар қалған қызметтерді атқарады. «Біздің қолымызда Азаматтық авиация комитеті мақұлдаған нормативтік құқықтық акті бар. Жалпы алғанда, біз бұл құжатпен келісеміз, тек бұл процестің дұрыс жүргізілуін қаласақ кейбір тұстарын тағы да қарастыру керек секілді», – дейді Ақтау әуежайының өкілі.

Тараптар жиын жұмысының соңында дөң­гелек үстелде талқыланған әуе ұшақтарының жер үстіндегі салалық қызметтеріне қатыс­ты өз ұсыныс-­пікірлерін қорытып, алдағы уақытта тиісті ортақ түсіністік пен шешім шығаруға уағдаласты.

Жайық НАҒЫМАШ

 
521
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мемлекеттік рәміздер – азаттығымыздың айғағы

Келесі жаңалық

«AKTAU.GOV» мобильді қосымшаcы арқылы арыз жаза аласыз!

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

    29 маусым, 14:20
    1586

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    2064

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1815

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    1521

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    1503

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    1888

    Рубрикалар

      Байланыс мәліметтеріӘлем жаңалықтарыФотоРедакция газеттеріБейнеуМаңғыстау жаңалықтарыМәселеҚоғамЖаңаөзен - 50 жылБайқауСпортРухани жаңғыру

    Автордың басқа да жазбалары

    Еңбек иелері құрметке бөленді

    [ 2019 ] 19 қараша, 05:38
    945

    Волонтерлік – елге ерікті қызмет

    [ 2019 ] 14 қараша, 06:12
    1976

    «Университет – ой-пікірлер аймағы» атты халықаралық форум өтті

    [ 2019 ] 12 қараша, 09:16
    824

    Энергетиктер жемқорлық күдігімен ұсталды

    [ 2019 ] 5 қараша, 05:52
    794

    Маңғыстау облысының әкімі Хорватия делегациясымен кездесті

    [ 2019 ] 31 қазан, 05:54
    670

    Қарақияның қарышты қадамы

    [ 2019 ] 28 қазан, 05:38
    997

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»