• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 14 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Маңғыстау облысының әкімі Хорватия делегациясымен кездесті

    [ 2019 ] 31 қазан, 05:54  |  Экономика

    Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Хорватияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабанович бастаған делегациямен кездесті. Қазіргі таңда Қазақстан елі Хорватиямен бірлесіп эко­номикалық саланың бар­лық бағыттары бойынша белсен­ді ынтымақтастық жүргізу үстінде. Маңғыстау облысында хорват капи­талының қатысуымен көтерме сау­да саласы бойынша «Антанир» ЖШС қызмет етеді. «Өлкеміздің эко­номикалық, инвестициялық, тран­зиттік әлеуетке ие аймақ болып табы­латыны белгілі. Маңғыстау облысының аумағы арқылы Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағы елде­рімен қосатын «ТРАСЕКА» және «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздері өтеді. Бүгінгі таңда өңірде мұнай өндіру, мұнай химия­сы, құрылыс материалдары, металлургия және т.б. салаларында өндіріс жүргізетін ірі шетелдік инвесторлар табысты жұмыс істеуде. Біз барлық мүдделі кәсіпкерлерге көмек көрсетуге дайынбыз және сіздерді өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз. Бүгінгі кездесу Маңғыстау облысы мен Хор­ватия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандырудағы тетік болады деп үміттенемін», – деп атап өтті облыс әкімі С.Трұмов. Екі жақты кездесуде Маңғыстау мен Далматы (Хорватия) облыстарының мұнай және кеме жасау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқы­ланды. Сондай­-ақ Хорватияның аймақ­қа шетелдік инвестицияларды тарту туралы ұсыныстары қаралды. Қазақстан Хорватияны Оңтүстік­-Шығыс Еуропадағы маңызды әрі перспективалы серіктесінің бірі ретін­де қарайды. Әсіресе экономикалық ынтымақтастық деңгейін арттыру аса маңызды міндеттер қатарынан. Еліміз­де шамамен хорватиялық 30 компания жұмыс істейді екен. Хорватия – Қазақстанмен әріптестік­ті дамытуға бейілді мемлекет. 2019 жылдың сәуірінде Хорватияның ви­це-­премьер-­министрі – Сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович­-Буричтің Нұр­-Сұлтан қа­ласына сапары барысында Хорватия Республикасының Қазақстандағы ел­шілігі ресми түрде ашылды. Өткен жылы елордада алғаш рет Хорватияның елшілігі ашылды. Ал Рефик Шабанович Хорватияның Қа­зақстандағы тұңғыш елшісі болып тағайындалды. Елші бүгінде қазақ­хорват байланысын бекемдей түсуге кірісіп те кетті. Ал мамыр айында Сплитск­Далматин жупаниясының ас­танасы – Сплит қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды. Биыл Қазақстан және Хорватия дипломатиялық қатынастардың орна­ғанына 27 жыл толды. Екі ел арасында­ғы алғашқы дипломатиялық қарым­-қатынас 1992 жылы 20 қазанда орнаған. 1995–1997 жылғы каңтарда Алматы қаласында Хорватия Республикасының елшілігі ашылды. 2003 жылдан бас­тап Загреб қаласында ҚР консулдығы ашық. Ал 2007 ж. 19 желтоқсанда ҚР­-дың елшігілін Хорватия мемлекетінде ашу туралы жарлыққа Қазақстан Рес­публикасы Президенті қол қойды. 2017 жылғы мамырдан бастап Төлежан Бар­лыбаев Қазақстан Республикасының Хорватиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Жоғарғы деңгейдегі байланыстар аясында 2015 жылы екі мемлекеттің парламенттерінде екі жақты ынтымақ­тастық жөніндегі депутаттық топ­тар құрылды. Қазақстандық топты ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов, ал хорват тобын Са­бор депутаты Ж.Лакович басқарады. Өзара тығыз ықпалдастықтар сыртқы саясат ведомстволарының жетекшілері арқылы жүзеге асуда. Бүгінгі таңда Хорватия – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды және перспективалы серіктесі. Нұр-Сұлтан мен Загреб арасында қарқынды саяси диалог қолдау тапқан. Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2001 және 2006 жылдары ресми сапарлармен Загребке екі рет барған еді. Хорватия президенттері Степан Месич пен Иво Йосипович Қазақстанға бірнеше рет сапармен келген. Сапар барысында Қазақстан мен Хорватия арасындағы өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы декларацияға және екі жақты ынтымақтастықты дамыту үшін берік іргетасын қалаған басқа да маңызды құжаттарға қол қойылды. Қазіргі уақытта жалпы күш-жігермен мемлекетаралық қатынастар жоғары деңгейге көтерілді. Сыртқы істер министрлігі желісі бойынша белсенді диалог қолға алынып, 2019 жылы Қазақстан мен Хорватия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары деңгейінде үш кездесу өтті. Өңіраралық байланыстар, іскерлік және мәдени-гуманитарлық байланыстар беки түсті. Қазақстан мен Хорватия мемлекеттерінің сыртқы сауда айналымы жыл өткен сайын өсу үстінде. Қазақстандық статистика мәліметтеріне сүйенсек 2018 жылы қос елдің сауда көлемі 350 млн. доллардан асқан көрінеді. Елімізде құрылыс, фармацевтика, медицина, тамақ өнеркәсібі және сауда салаларында ондаған Хорват компаниялары тіркелген. Ал сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге Қазақстан–Хорват экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының жұмысы ықпал етеді, оның бірінші отырысы 2020 жылдың басында жоспарланған.

    Жайық НАҒЫМАШ

    1448
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    экономика маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қарақияның қарышты қадамы

    Келесі жаңалық

    «КаспийТасЖол» зауыты 5 жылда 600 мың тонна асфальт өндірді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Портовые города Актау и Пирей налаживают сотрудничество с учетом растущего потенциала ТМТМ

      12 ақпан, 10:29
      2788

      Мангистау опередил Астану по объемам инвестиции в науку

      22 қаңтар, 12:30
      3296

      Казахстан планирует утроить экспорт зерна в Иран в 2024 году

      10 қаңтар, 11:31
      3221

      Какие масштабные проекты были реализованы в Мангистау в 2023 году?

      [ 2023 ] 31 желтоқсан, 12:46
      3183

      Инвесторы из Китая заинтересованы в строительстве контейнерного хаба в портах Актау и Курык

      [ 2023 ] 6 желтоқсан, 12:50
      3297

      До 20 млн тонн в год планируется увеличить объем грузоперевозок по коридору Север-Юг

      [ 2023 ] 5 желтоқсан, 10:03
      3249

      Рубрикалар

        Анықтама бюросыӘдебиетМәселеБайқауТүпқарағанМәдениетСараптамаМаңғыстау

      Автордың басқа да жазбалары

      Еңбек иелері құрметке бөленді

      [ 2019 ] 19 қараша, 05:38
      2046

      Волонтерлік – елге ерікті қызмет

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:12
      4645

      «Университет – ой-пікірлер аймағы» атты халықаралық форум өтті

      [ 2019 ] 12 қараша, 09:16
      1836

      Энергетиктер жемқорлық күдігімен ұсталды

      [ 2019 ] 5 қараша, 05:52
      1588

      Қарақияның қарышты қадамы

      [ 2019 ] 28 қазан, 05:38
      1919

      Статистика: сан мен сапа

      [ 2019 ] 24 қазан, 10:18
      1394

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»