Энергетиктер жемқорлық күдігімен ұсталды
[ 2019 ] 5 қараша, 05:52 | Қоғам
Маңғыстауда 90 миллион теңге қаржыны жымқырды деген күдікпен энергетика мекемелерінің басшылары қамауға алынды, -
деп хабарлайды экономикалық тергеу департаменті.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «АльянсЭнергоСнабАқтау» серіктестігі және «Электр жүйелері» мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топты құру, басқару және оған қатысу туралы сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.
Аталған кәсіпорындардың бес лауазымды тұлғалары тұтынушылардан электр энергиясы үшін ақша жинауда мемлекетке 90 миллион теңге шығын келтірген. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 262-ші, яғни «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету» бабының 1,2-тармақтары бойынша тергеу жүргізілуде.
«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұсталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы тергеу мүдделеріне байланысты жарияланбайды», – делінген экономикалық тергеу департаменті хабарламасында.
Ноян ЖОЯМЕРГЕН
1595
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.