• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 11 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

    Еңбек иелері құрметке бөленді

    [ 2019 ] 19 қараша, 05:38  |  Жаңалықтар

    Жуырда Маңғыстау облыстық филармониясында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен қызметкерлері ерекше құрметке бөленіп, мәртебелері асқақтады. Айта кетсек, бұл мереке осымен жиырма бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан аграрлық бағыттағы ел болғандықтан, республика көле­мінде ауыл шаруашылығы саласы­на соңғы жылдары көп көңіл бөлініп келе­ді. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-­экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолда­уында ауыл шаруашылығы саласына, оның ішінде мал азығы өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамы­ту жөнінде нақты міндеттер көрсетілген еді. Бұл міндеттер елімізде жүйелі түрде жүзеге асырылу үстінде. Елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы да ауыл шаруашылығымен астасып жатыр. Ауыл шаруашылығының еселі еңбегіне беріл­ген лайықты бағамен мамандарының қос­қан үлесі де өлшеусіз. Шараға қатысқан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов сала қызметкерлері мен ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. «Құрметті ауыл шаруашылығы саласы­ның ардагерлері мен қызметкерлері! Сіз­дерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүрек­тен құттықтаймын! Ата-­бабаларымыздың дәстүрлі кәсібі – мал бағу ісі ұрпақтан­-ұрпаққа үзілмей жалғасып келеді. Елба­сы Н.Назарбаев: «Қай қоғамда да адам еңбегімен қадірлі. Кәсіп дегеніңіз – табыс­ты өмірдің өзі» деген болатын. Ауыл ша­руашылығы ел экономикасының негізгі драйверлерінің біріне айналып келеді. Сон­дықтан да ауыл шаруашылығын дамыту республиканың экономикалық-­әлеуметтік тұрғыда өсіп-­өркендеуіне, тұрғындардың әлеуетінің көтерілуіне зор үлес қосады. Осы ретте өңіріміздің ауыл шаруашылығы басқармасы Үкіметтің нақты тапсырма­ларына сай мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамытуға күш салып отыр. Шағын және орта бизнесті барынша қолдау, оның ішінде несие ресурстарының қолжетімділігін арттыру, асыл тұқымды төрт түлік мал басын субсидиялау, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштар мен су беруді субсидиялау сынды салмақты жұмыстар атқарылып жатыр», – деген Нұрлыбай Қаржаубайұлы өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған жұмыстар жайына тоқтала өтті. Оның айтуынша, бұл бағыт бойынша шаруа қожалықтарына қажетті құдықтар, су сорғыш құралдары, күн па­нелдері, су тұшытатын қондырғылар және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары Үкіметтің қағидаларына сәйкес субсидияла­нып беріледі. Ауыл шаруашылығына 2019 жылы республикалық бюджеттен 1 млрд. 530 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл қара­жат 6 пайызбен шағын несие беруге арнал­ған. Қазіргі таңда өңірдегі ауыл шаруашы­лығы өнімдерінің жалпы көлемі – 13,5 млрд. теңге, оның ішінде егін шаруашылығына 2,7 млрд., мал шаруашылығына 10,1 млрд. теңге. Нақты көлем индексі – 100,1 пайызды құрайды. Жоспарға сай, жыл соңына де­йін жалпы шығарылым 17,7 млрд. теңге, ал нақты индекс көлемі 102,6 пайызды құрауы тиіс. Бүгінде мемлекет тара­пынан 550 млн. 263 мың теңге субсидия игеріліп, ол 372 шаруа қожалығына берілген. Мемле­кеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуы нәтижесінде об­лыстың өндірістік көрсеткіш­терінде тұрақты өсім бар. Ауыл халқының тұрмыс деңгейі жақ­ сарып келеді. «Бүгінгі кәсіби мереке – кәсібін жермен байланыстырып, еңбек ететін, мал шаруашылығымен, азық-­түлік өнеркәсібімен айна­лысатын, халықты азық-­түлікпен қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбеккер жан­дардың басын қосатын ортақ мейрам. Жерімізді дұрыс пайда­лана алсақ, бұл дегеніміз – таусылмайтын қазына, молайып отыратын зор байлық. Кезінде Маңғыстаудың ойы мен қыры, үстірт отар­-отар қой, үйір-­үйір жылқы болған еді. Мал өндірісін жандандыру – ата кәсіпті жаңғырту, ұлттық мұрат, мемле­кеттік мақсат. Осы орайда сіздерге өңіріміз­дің азық­-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында табанды еңбектеріңіз бен істеріңізге  адалдықтарыңыз, туған жер­ге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс білдіремін. Мерейлі мерекелеріңізде сіз­дерге зор денсаулық, қажымас қайрат, ша­ңырақтарыңызға бақ­-береке, әр бастама­ларыңызға сәттілік тілеймін. Ел несібесін арттырар игі қызметтеріңіз табысты бол­сын», – деді облыс әкімінің орынбасары. Салтанатты сахна төрінде облыстың ауыл шаруашылығы саласына сүбелі үлес қосып, еңбек сіңірген ардагерлер мен қызметкер­лер марапатталып, сый­-қошеметке бөленді. Атап айтар болсақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен ауыл шаруашылығы саласының ардагері Жалмұрат Төлеген, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен «Байбо­лат» шаруа қожалығының басшысы Тәжіхан Ізтұрова марапатталса, «Рысбек» шаруа қожалығының жетекшісі Жақсылық Ибадуллаев, «Мәтжан» шаруа қожалығының жетекшісі Манаш Қыдырқожа, сондай-­ақ  «Байсырымов» шаруа қожалығының же­текшісі Саламат Байсырымов, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС бас директоры Сәуле Жақаева, «Бейнеуветсервис» мекемесінің директоры Нұрәлі Сәдіғұлов министрліктің Құрмет грамотасын иеленді. Сондай-­ақ Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар шаруа қожалықтарының иелері облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. «Құрметті әріптестер, баршаңызды кә­сіби мерекемен құттықтаймын. Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды. Ауыл ша­руашылығы – өндірістің ең маңызды түр­лерінің бірі. Бүгінгі мейрам – кәсібін жермен байланыстырып, мал шаруашы­лығымен айналысатын, азық-­түлік өнер­ кәсібінде жұмыс істейтін, еліміздің және өңіріміздің қажеттіліктеріне сай азық-­түлік өндірісі ісіне талмас үлес қосып жүрген еңбек иелерінің мерекесі. Ауыл шаруашы­лығы өсімдік және мал шаруашылығы де­ген екі үлкен салаға бөлінген. Жерімізді игілікке пайдалана білсек, бұл – таусыл­мас мұра, көбейе түсетін дәулет. Егінші­лік шаруашылығы Қазақстанның аграрлық секторының ірі саласы саналады. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің басым бөлігі осы салаға тиесілі. Оның ішінде не­гізгі сала – дәнді­-дақылдар. Жалпы егін өндірісіндегі үлес көп пайызды құрайды. Сондықтан да ғалымдар мен фермерлер­дің алдағы егін шаруашылығына жаңа отандық дәнді­-дақылдар түрлерін өсіру міндеті тұр. Адамдардың экономикалық қызметінің көпжылдық тарихы мал және егін шаруашылығымен дамытуға арналған. Сіздерді бүгінгі төл мерекеде осынау ел игілігін арттыру жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін, кәсіптеріңіз өрлей берсін, еліміз өркендей берсін», – деп тілек білдірді «Байболат» шаруа қожалығының басшысы Тәжіхан Ізтұрова. Елдігімізді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтқан сындарлы жылдар ішінде ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттік қол­даудың арқасында жаңа деңгейге көтері­ліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл халқының әл-­ауқатын арттыруда жетекші күшке айналды. Осындай жетістіктерге же­туге күш­-жігерін жұмсап, еселі еңбек еткен ардагерлер құрметіне сахна төрінде әннен шашу шашылып, қоңыр домбырадан күй төгілді. Мерекелік бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы саласының арнаулы көрмесі ел назарына ұсынылды.

    Жайық НАҒЫМАШ

    Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="88079,88080,88087,88081,88086,88082,88083,88085"]
    2040
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауда ауа температурасы төмендейді

    Келесі жаңалық

    Маңғыстауда метанол мен олефин өндіретін зауыт салынады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2687

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2662

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4429

      Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы еріктілерді іздейді

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 09:23
      2472

      2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 10:32
      1969

      Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

      [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
      3141

      Рубрикалар

        ТағайындауСараптамаАуыл өміріРедакция туралыКомплаенсАНТИКОРМұнайлыБайланыс мәліметтеріБіле жүріңізЭкономикаанонс

      Автордың басқа да жазбалары

      Волонтерлік – елге ерікті қызмет

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:12
      4644

      «Университет – ой-пікірлер аймағы» атты халықаралық форум өтті

      [ 2019 ] 12 қараша, 09:16
      1834

      Энергетиктер жемқорлық күдігімен ұсталды

      [ 2019 ] 5 қараша, 05:52
      1587

      Маңғыстау облысының әкімі Хорватия делегациясымен кездесті

      [ 2019 ] 31 қазан, 05:54
      1444

      Қарақияның қарышты қадамы

      [ 2019 ] 28 қазан, 05:38
      1919

      Статистика: сан мен сапа

      [ 2019 ] 24 қазан, 10:18
      1393

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»