Маңғыстауда метанол мен олефин өндіретін зауыт салынады
[ 2019 ] 19 қараша, 07:07 | Жаңалықтар
Кеше аймаққа жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр Асқар Мамин мен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жаңа ірі зауыттың капсуласын қалады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Ақтау теңіз порты» АЭА бой көтеретін зауыт газдан метанол мен олефин өндіреді. Ол мұнайхимия өндірісіне қажет дүние.
Жобаны «WestGasOil» сингапурлық компания іске асырады. Құны – 683 млрд теңге, ал аумағы - 175 гектар. Зауытты салу кезінде 4 мыңдай адам жұмыспен қамтылады. Зауыт іске қосылғаннан кейін 650 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады.
Зауыттың құрылысы 2023 жылдың 4 тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
1487
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.