Ақпан айында Ақтау теңіз сауда порты 1700-ге жуық жиырма футтық контейнерді ауыстырып тиесе, бүгінгі күні олардың саны 4,5 мыңға жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұрын экспорттың 90 пайызы Ресей мен Украина арқылы өтетін, бірақ қазіргі геосаяси жағдайға байланысты экспорттаушылар жаңа бағыттарды іздеуге мәжбүр. Осындай бағыттардың бірі - Ақтау порты.
"Біздің жүктеме біршама артты. Біз бұл мәселені шамамыз келгенше оңынан шешуге тырысып бағудамыз. Әрине, инфрақұрылымды жаңғырту, мұнай құю айлақтарын қайта жаңарту қажет. Божамды есебіміз бойынша мұнай құю айлақтарын қайта жаңарту, қорғаныс бөгетін қалыпқа келтіру, теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін шамамен 45-50 миллион доллар қажет болады. Сондай-ақ, бас және контейнерлік жүктер бойынша біздің қуатымызды арттыру қажет. Контейнерлік хаб құру аса маңызды", - деді "Ақтау теңіз сауда порты" ҰК " АҚ президенті Абай Түрікпенбаев.
Ақтау теңіз портынан жүктер негізінен Кавказ маңы елдеріне, Еуропа мен Түркияға жөнелтіледі. Сонымен қатар, порт тасымалданатын мұнайдың бір бөлігін қабылдауға дайын.
"Қазақстан үшін мұнайды нарыққа бағыттаудың балама жолдары болуы тиіс. Транскавказ дәлізін, яғни Ақтау мен Құрық және Әзірбайжан порттары арқылы Грузиядағы терминалдарға дейін дамыту жөнінде тапсырма берілді. Сондай-ақ Иранмен операцияларды қайта бастау мүмкіндігі бойынша келіссөздер жүргізілуде. Қазір біздің инфрақұрылымдық мүмкіндіктеріміз жылына 130-140 мың контейнерді ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді. Бірақ контейнерлер бойынша нақты қуаты - жылына 70 мың. Қайта жабдықтау үдерісінен кейін біз үлкен қуатқа қол жеткізе аламыз. Қосымша аумақ, теміржол желісі, айлақтар қажет болады, өйткені біз Ираннан санкциялардың алынып тасталуын күтеміз, бұл, әрине, жүк ағынының артуына әкеледі. Бұл ретте контейнерлік хаб тек сақтау орны ғана болмайды. Порт қызметіне қоймалар мен қайта тиеу кешендері, жөндеу шеберханалары және сертификаттау қызметтері кіреді.
"Бізге бос контейнерлер келетді, ал біздің экспорттаушылар контейнерді қайдан алуға болатыны туралы ойланбайды. Олар өздерінің үйреншікті сызбасы бойынша мұнда өз жүктерін вагондарда әкелетін болады, ал біз оларды контейнерлерге салып, әрі қарай жөнелтетін боламыз", - дейді порт басшысы.