Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев БАӘ-нің ірі бизнесмендерінің бірі, Etihad Towers көп функционалды кешенінің иесі, “First Abu Dhabi Bank” акционері, Абу-Даби Әмірлігіндегі билеуші отбасының өкілі Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларды іске асыруға жеке дайындығымен қатар, БАӘ-нің басқа да ірі компанияларының қызығушылығын да атап өтті.
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев өз кезегінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолайлы инвестициялық ахуал құру жөніндегі тапсырмасына сүйене отырып, жергілікті атқарушы органдар тұрақты негізде инвестициялар тарту, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізіп жатқанын және Маңғыстау облысының аумағында инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін қолданыстағы заң аясында барлық қажетті күш-жігерді жұмсауға дайын екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар БАӘ өкілдері мен Маңғыстау облысы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың аспектілерін талқылады.