13 қазан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев итальяндық NAT Power компаниясының басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуге NAT Power компаниясының техникалық директоры және вице-президенті Стефано Лагасио, компанияның бас директоры Андреа Тавелла және компанияның Ақтау қаласындағы өкілі Мұхтар Төлеген қатысты.
Кездесу барысында тараптар Маңғыстау облысында қуаттылығы 50-100 МВт болатын күн электр стансаларын салу жобасын жүзеге асыру барысын талқылады.
NAT Power компаниясының жаңартылған энергия жобаларын жүзеге асыруда 20 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді.
Осы ретте облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы жергілікті атқарушы органдардың сындарлы диалогқа дайын екенін және инвесторларға қолданыстағы заңнама аясында көмек көрсететінін баса айтты.