Өткен аптада Ақтауда балалар пәтерде кілттеніп қалған 2 оқиға тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Нақтырақ айтар болсақ, 12 ақпан күні кешкі сағат 18:54-те 22 шағынауданда орналасқан 10 «Б»-үйінің 2 қабатындағы пәтерлердің бірінде қамалып қалған балалар құтқарылды. Құтқарушылар үш иінді саты арқылы пәтерге кіріп, есікті ашқан.
13 ақпан күні түскі сағат 13:42-де 1 шағынауданда орналасқан 35-үйдің 8 қабатындағы пәтерлердің бірінде 1 және 3 жастағы балалар қамалып қалған. Құтқарушылар терезедегі темір торды сүймен құралы арқылы ашып, ішке кірген.
Төтенше жағдайлар департаментінің авариялық құтқару қызметкерлері кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауды ескертеді.