Маңғыстауда тергеудегі азамат тергеу изоляторына телефон кіргізбекші болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“№77 мекеменің жедел уәкілдері тінту жүргізу кезінде ер адамның іш киіміне жасырылған ұялы телефон мен сим-картаны тапқан. Қызметкерлер 1 дана "NOKIA"маркалы ұялы телефоны мен 1 дана сим-карта тәркіледі”, деп жазды Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті.
Сонымен қатар, тергеудегі азаматқа мекеменің тәртібі түсіндірілді.